Абай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Абай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

     

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 1 бабының 19 тармағының 4) тармақшасына  сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Абай ауданы әкімдігінің төмендегідей қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

1) Абай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 203 «Абай ауданы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6458 тіркелген, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған);

2) Абай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қарашадағы № 185 «Абай ауданы бойынша 2018 жылға мектепке  дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 5-5-160 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылдың 20 қарашасында жарияланған).

     2. «Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Абай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын қамтамасыз ету;

3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулының Абай ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруы қамтамасыз етілсін.                       

  1. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                              Ж.Байсабыров

Дата публикации
18 января 2021