«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарлама

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға

ішкі конкурс туралы хабарлама

 

 

«ШҚО Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 070100,  ШҚО Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі 14, анықтама телефоны 8(72252) 9-17-36,электронды пошта: U.Ermukasheva@akimvko.gov.kz (1 файлдың барынша рұқсат етілген өлшемі 30 мб)«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды.

Абай ауданы Көкбай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, E-G-3 санаты, лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 90963теңгеден 122463теңгеге дейін. 

 

Функционалдық міндеттері:

Ауылдық округ әкімінің аппаратында жастар ісі, ішкі саясат жұмысын жүргізу, дін істері мәселесі, спорт, мәдениет, бұқаралық мерекелік шараларды ұйымдастыру, сонымен бірге әскер қатарына шақырушылармен жұмысты үйлестіру. «Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының салалық бағдарламасымен», «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күреске арналған салалық бағдарламасымен», «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламасымен», «Адам саудасына байланысты қылмыстың профилактикасы, алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарымен» жұмыс жүргізу, орындалысы туралы аудан әкімі аппаратына мәлімет беру. Баспасөзге жазылуды ұйымдастыру, ауылда өткізілген іс-шараларды газетке жариялау.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

         Жоғарынемесежоғарыоқуорнынанкейінгібілім, мемлекеттіклауазымдардажұмысөтілібіржылдан кем емеснемесе осы санаттағынақтылауазымныңфункционалдықбағытынасәйкесоблыстардаекіжылдан кем емесжұмысөтілі бар болғанжағдайда орта білімненкейінгінемесетехникалықжәнекәсіптікбілімібарларғарұқсатетіледі.

Жоғарынемесежоғарыоқуорнынанкейінгібілімболғанжағдайдажұмыстәжірибесіталапетілмейді.

Мынадайқұзыреттердің бар болуы: стресскеорнықтылық, бастамашылдық,жауапкершілік, қызметтітұтынушығажәне оны хабарландыруғабағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастықжәнеәрекеттестік, қызметтібасқару.

   Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағыөтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде«ШҚО Абай ауданы әкімінің аппараты» ММ өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар ШҚО Абай ауданы Қарауыл ауылы Құнанбай көшесі №14, анықтама телефоны8 (72252) 9-17-36, e-mail: U.Ermukasheva@akimvko.gov.kz мекенжайы бойынша ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

 

Нысан

 

      __________________________

__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені ____________________________________________________________

______________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

 

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын трансляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

Мекен жайы: _________________________________________________

Байланыс телефоны: ___________________________________________

e-mail: _______________________________________________________

ЖСН: ________________________________________________________

 

________________________________________________________

      (қолы)                                     (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарлама
Дата публикации
24 августа 2020