Абай облысы, Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 31 қаулысы

    2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Абай облысы, Абай аудандық  мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 1), 2) тармақшаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы № 1521 «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлығының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/99 «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгілік күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысының негізінде Абай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

     1.2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Абай аудандық мәслихаты депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

   2.Осы қаулы Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Абай елі» газетінде жариялансын.

 

                   Төраға

Д.Маратұлы

 

 

                  Хатшы

Т.Сағынбаев

Дата публикации
13 октября 2026