Абай облысы Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ «Абай аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 15 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Абай облысы Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

  

«Абай аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» Абай аудандық аумақтық  сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 15 қаулысына өзгерістер енгізу туралы  

Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.«Абай аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» Абай аудандық аумақтық  сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 15 қаулысына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2.Осы қаулы Абай ауданының мәслихатына жіберілсін.   

3.Осы қаулы Абай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын және аудандық

«Абай елі» газетінде жариялансын.

        

 

Абай аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                    Д.Маратұлы

 

Абай аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                  Т.Сағынбаев

 

 

 

Қарауыл ауылы

2026 жылғы 12 қазан

№ 30

Дата публикации
12 октября 2026