Ауа райының қатты ысуына және құрғақшылыққа байланысты дала өрттерінің шығу қаупі өте жоғары.
Осыған байланысты баршаңызды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз:
* құрғақ шөп пен қоқысты өртемеуге;
* табиғат аясында от жақпауға;
* темекі тұқылы мен сіріңкені өшірмей тастамауға;
* шыны бөтелкелер мен басқа да жанғыш қалдықтарды далаға қалдырмауға.
Шөп шабушыларға ескерту:
* Темекі тұқылын жерге тастамаңыз.
*Техникаңыздың жарамдылығын қадағалаңыз, ұшқын шығармауын тексеріңіз.
* Өрт сөндіргіш, су немесе басқа да бастапқы өрт сөндіру құралдарын бірге алып жүріңіз.
Ауылдарыңызда, далалық жерлерде өрт тұтанғанын байқағанда дереу ауылдық округ әкімдіктеріне немесе өрт сөндіру қызметіне (112, 101 байланыс телефонына) уақытылы хабарлау қажет. Өрттің нақты мекенжайын, не жанып жатқанын және өз атыңызды айтыңыз. Ал тұтанудың шағын ошақтарында өздігінен қоластындағы құрал-жабдықтармен сөндіру шараларын қолдану керек.