Работа в сфере образования Абайского района в 2025-2026 учебном году

                                             Білім сапасы

    2025-2026 оқу жылында  аудан бойынша 9 орта мектеп, 1 жалпы білім беретін гимназия және 1 негізгі орта мектеп, 2 қосымша білім беру, 4 МДҰ мемлекеттік мекемелері және 2 жекеменшік МДҰ мекемелері жұмыс жасады.  Оқу жылында ауданның білім беру мекемелерінде 1-11сыныптарда  1846 оқушы, 139 сынып комплектісі бар. 1-сыныпта 157 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттаса, МАД топтарында  187  бала тәрбиеленді. 2 ауысымда оқитын мектеп саны - 2. Орын тапшылығы - 0.

   Жалпы  аудан  бойынша  9-сыныпта оқитын 186 оқушының 38-і Үздік аттестатқа , 11-сыныпты  99 түлек тәмамдады. Мектеп түлектерінің «Алтын белгіге» - 5 оқушы, «Үздік аттестатқа» - 14 оқушы тәмамдады. 2025-2026  оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан  өткізу  туралы Абай ауданы білім бөлімінің бұйрығы негізінде 5-8, 10-сыныптар 26-30 мамыр аралығында қазақ тілінен емтихан тапсырды, 9-сынып оқушылары 29 мамыр- 10 маусым аралғында, 11-сынып түлектері 30 мамыр -16 маусым аралығында  мемлекеттік емтихан тапсырды.

   2-11 сыныптар бойынша білім сапасы – 66% үлгерім -100 пайыз.  Оқудағы озат үлгерімі үшін Мақтау қағазымен – 509 оқушы  марапатталды.

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау ҚР «Білім туралы» Заңына және ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген «Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылады. Жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар кеңінен енгізіліп жатқан кезеңде білім алушылардың сыни ойлау, ақпаратты талдау, бейімделгіштік және жедел өзгеретін ортада негізделген шешім қабылдау қабілеттерін дамыту ерекше маңызды.  

 

ДАРЫНДЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ

 

  2025–2026 оқу жылында аудан көлемінде республикалық және облыстық деңгейдегі әдеби-шығармашылық бағыттағы 15 ірі байқау мен оқулар ұйымдастырылып, оған жалпы саны 259 оқушы қатысты. Оның ішінде 160 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Жалпы нәтижелілік көрсеткіші – 61,8%.

 

2025–2026 оқу жылында облыстық кезеңдерге аудан мектептерінен 48 оқушы қатысып, оның 28-і жүлделі орындарға ие болды. Облыстық кезеңдегі жалпы нәтижелілік көрсеткіші – 58,3%.

   Республикалық кезеңдерге ауданнан 6 оқушы қатысып, оның ішінде:

1 оқушы – І орын;

1 оқушы- II орын;

3 оқушы – ІІ орын иеленді.

XXVII республикалық «Абай оқулары» 23 маусым күні өтеді.

Дарынды балаларды анықтау, олардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін дамыту білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижелілігін бағалаудың маңызды құралдарының бірі – пәндік олимпиадалар.

   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығына және Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы бекіткен тізімге сәйкес өткізілген олимпиадаларға аудан оқушылары белсенді қатысып келеді. Ағымдағы оқу жылының қорытындысы оқушылардың олимпиадалық қозғалыстағы жетістіктерінің артып келе жатқанын көрсетті.

   Аудандық кезеңде биыл 965 оқушы қатысып, олардың 564-і жүлделі орындарға ие болды. Бұл жалпы қатысушылардың 58,4 пайызын құрайды. Өткен оқу жылында 987 оқушы қатысып, 545 оқушы жүлдегер атанған болатын. Салыстырмалы түрде қарағанда, қатысушылар саны азайғанымен, жүлдегерлер саны артып, нәтижелілік көрсеткіші 3,2 пайызға жоғарылады. Бұл білім беру ұйымдарында дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың сапасы артқанын көрсетеді.

  Облыстық кезеңде де оң динамика байқалады. Ағымдағы оқу жылында 224 оқушы қатысып, олардың 156-сы жүлделі орындарға ие болды. Нәтижелілік көрсеткіші 69,6 пайызды құрады. Ал өткен жылы 196 оқушы қатысып, 111 оқушы жүлдегер атанған болатын. Осылайша қатысушылар саны 28 оқушыға, ал жүлдегерлер саны 45 оқушыға артып, нәтижелілік көрсеткіші 13 пайыздық тармаққа өсті.

Республикалық кезеңде өткен оқу жылында ауданнан 5 оқушы қатысып, оның біреуі ІІІ орын иеленсе, биыл 3 оқушы қатысып, олардың біреуі жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Қатысушылар саны азайғанымен, нәтижелілік көрсеткіші 20 пайыздан 33,3 пайызға дейін көтерілді.

   Олимпиадаларды ұйымдастыру барысында ашықтық пен әділдік қағидаттарына ерекше мән беріледі. Барлық кезеңдер Smart Daryn платформасы арқылы өткізіліп, YouTube желісінде тікелей эфир ұйымдастырылады. Оқушылардың жұмыстары көпшілікке қолжетімді болғаннан кейін ғана комиссия қарауына ұсынылады. Бұл өз кезегінде бағалаудың объективтілігін қамтамасыз етіп, қоғам тарапынан бақылауды күшейтеді.

Жалпы алғанда, пәндік олимпиадалар нәтижелері аудан мектептерінде дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың жүйелі жолға қойылғанын көрсетеді. Алдағы уақытта жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша дайындықты күшейту, олимпиадалық резервті қалыптастыру және республикалық деңгейдегі жетістіктер санын арттыру негізгі міндеттердің бірі болып қала береді.

 

 

 

Ұстаз еңбегі – ұлт мерейі

 

   2025–2026 оқу жылында Абай ауданы білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының еңбегі жоғары бағаланып, саладағы үздік жетістіктері лайықты марапаттармен айшықталды. Бұл – тек жекелеген ұстаздардың ғана емес, тұтас аудан білімінің мерейін үстем еткен қуанышты жаңалық.

   Білім мен тәрбие саласында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде табандылық танытып келе жатқан Қарауыл гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Баян Малікқызы «Еңбек ері» марапатына ие болды. Бұл – ұстаздың кәсіби шеберлігіне, білім беру ісіне қосқан сүбелі үлесіне берілген жоғары баға.

   Сонымен қатар, С. Бекбосынов атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Тілеубай Бақыт «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Ұстаздың шәкірт тәрбиелеудегі ізденісі, пәндік біліктілігі мен жауапкершілігі, білім сапасын арттыру жолындағы табанды еңбегі осындай мәртебелі марапатпен айқындалды.

    Аудан мектептері басшыларының да еңбегі елеусіз қалған жоқ. Ш. Тоқжігітов атындағы орта мектептің директоры білім беру ұйымын нәтижелі басқарудағы кәсібилігі, ұжым жұмысын үйлестірудегі іскерлігі және мектептің дамуына қосқан үлесі үшін «Үздік басшы» марапатымен марапатталды. Бұл – басшылық қызметтегі жауапкершілік пен жаңашылдықтың, ұйымдастырушылық қабілеттің нақты көрінісі.

    Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін, ел ертеңін қалыптастыратын ұлы мамандық иесі. Ал білім саласындағы әрбір марапат – сол тынымсыз еңбектің, адал қызметтің, шәкірт жүрегіне жол таба білген шынайы ұстаздық болмыстың жемісі. Абай ауданының білім саласында еңбек етіп жүрген осындай білікті де беделді педагогтер мен басшылардың жетістігі – жас ұрпаққа үлгі, әріптестеріне абырой, аудан мерейіне ортақ қуаныш.

     Абай ауданы білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары алдағы уақытта да сапалы білім беру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу жолындағы жұмыстарын жалғастыра бермек. Ұстаздар мен білім саласы қызметкерлерінің абыройлы еңбегі әрдайым құрметке лайық.

     Осындай айтулы марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, зор денсаулық, отбасыларына амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріне толағай жетістік тілейміз!

 

ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСЫ

 

    2025–2026 оқу жылында Абай ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинеті білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби дамуын қолдау, әдістемелік сүйемелдеу жұмыстарын жетілдіру және білім сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізді.

   Әдістемелік кабинетте 8 әдіскер қызмет атқарады. Барлығы жоғары білімді мамандар. Олардың қатарында педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы, педагог-модератор және педагог санатындағы тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Кабинет қызметі ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық, талдамалық және консультациялық бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

    Аудан бойынша жалпы орта білім беру ұйымдарында 411 педагог, мектепке дейінгі ұйымдарда 66 педагог және қосымша білім беру мекемелерінде 55 педагог еңбек етеді. Биылғы оқу жылында 124 педагог аттестаттаудан өтуге өтініш білдіріп, оларға әдістемелік қолдау көрсетілді.

Педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру мақсатында оқу-әдістемелік құралдар, авторлық бағдарламалар, элективті курс материалдары мен дидактикалық жинақтарды сараптау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 73 жұмыс аудандық, 27 жұмыс облыстық деңгейде мақұлданып, 1 жұмыс республикалық деңгейде қолдау тапты. Бұл аудан педагогтерінің шығармашылық ізденісі мен ғылыми-әдістемелік әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді.

Біліктілікті арттыру курстары бойынша барлығы 177 педагогтен біліктілік арттыру курсына өтініш түскен, оның 177 курстан өткізу тапсырысының перспективалық жоспарына енген /100 %/ . Педагогтер пәндік білімді жетілдіру, цифрлық технологияларды қолдану, инклюзивті білім беру, функционалдық сауаттылық және құндылыққа негізделген оқыту бағыттары бойынша білімдерін толықтырды. Курс аяқталғаннан кейін тәжірибе тарату жұмыстары жүйелі ұйымдастырылып, семинарлар, коучингтер мен шеберлік сағаттары өткізілді.

Оқу жылы барысында аудан педагогтері облыстық және республикалық кәсіби байқауларға белсенді қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Облыстық деңгейдегі байқауларға 42 педагог қатысып, олардың 23-і жүлделі орындарға ие болды. Республикалық деңгейдегі байқауларға қатысқан 2 педагогтің 1-еуі жеңімпаз атанды.

Әдістемелік кабинет тарапынан педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында семинарлар, форумдар, тәжірибе алаңдары, шеберлік сағаттары және әдістемелік кеңестер ұйымдастырылып, 519 педагог қамтылды. Сонымен қатар педагогтердің тәжірибе алмасуына кең мүмкіндік жасалып, облыстық деңгейдегі 84 іс-шараға 93 педагог, республикалық деңгейдегі 10 іс-шараға 10 педагог және халықаралық деңгейдегі 11 іс-шараға 11 педагог қатысты.

          Аудандық әдістемелік кабинеттің ұсынысы негізінде облыстық іс-шаралар жоспарына енгізілген «Сандық технология дәуіріндегі жаңа педагогикалық көзқарас» тақырыбында «ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыстық семинар өтті. Семинардың басты мақсаты- білім беру жүйесіндегі педагогикалық жаңғырудың мазмұны мен бағыттарын айқындау, заманауи педагогикалық тәсілдер мен тиімді тәжірибелерді тарату, сондай-ақ нәтижелі шешімдермен алмасу болды. Бұл шара педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп қана қоймай, ауданның білім беру саласындағы оң тәжірибесін облыс көлемінде насихаттауға мүмкіндік берді.

Жыл бойы жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Абай ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинеті облыстық кеңейтілген алқа мәжілісінде жоғары бағаланып, 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша «Үздік әдістемелік кабинет» номинациясын иеленді. Сонымен қатар 500 000 теңге көлеміндегі сертификатқа қол жеткізді.

Бұл жетістік – аудан педагогтерінің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісінің, сондай-ақ әдістемелік қызметтің сапалы ұйымдастырылуының нақты нәтижесі. Алдағы уақытта да ауданның білім беру саласын дамыту, педагогтерді қолдау және сапалы білім беруді қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.

 

 

Тәрбие –тұлға қалыптастырудың негізі

 

   2025–2026 оқу жылында Абай ауданы білім беру ұйымдарында тәрбие жұмыстары «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүйелі түрде жүзеге асырылды. Тәрбие жұмысының басты мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, елжанды, жауапты әрі бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу болды.

    Бүгінде тәрбие жұмысы тек мерекелік іс-шаралар өткізумен шектелмейді. Ол – баланың дүниетанымын қалыптастырып, азаматтық ұстанымын нығайтатын, құқықтық сауаттылығын арттырып, өмірлік бағдарын айқындайтын кешенді үдеріс. Осы бағытта аудан мектептерінде жыл бойы мазмұнды жұмыстар атқарылды.

«Адал азамат» бағдарламасы аясында «Қамқор», «Шабыт», «Smart Bala», «Ұшқыр ой алаңы», «Балалар кітапханасы», «Еңбегі адал жас өрен» жобалары табысты іске асырылды. Жобалар шеңберінде қайырымдылық, еріктілік, патриоттық тәрбие, цифрлық сауаттылық, кітап оқуды насихаттау және кәсіби бағдар беру бағыттарында маңызды іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған жұмыстарға оқушылармен қатар педагогтер мен ата-аналар да белсенді қатысып, әлеуметтік жауапкершілік, еңбекқорлық, ізгілік пен азаматтық құндылықтарды дәріптеуге ерекше назар аударылды.

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы арқылы оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығы түсіндіріліп, түрлі сала мамандарымен кездесулер өткізілді. Ал «Балалар кітапханасы» жобасы аясындағы акциялар мен челлендждер оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, отбасылық кітап оқу дәстүрін нығайтуға ықпал етті. «Шабыт» жобасы шығармашыл жастардың қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік берсе, «Smart Bala» және «Startup» бастамалары оқушылардың инновациялық ойлауын дамытуға бағытталды.

   Сонымен қатар облыстық жобалар негізінде «Толық адам ілімі», «Бірлік пен ынтымақ», «Қыздар тәрбиесі: дәстүр мен заманауи өзгерістер» бағыттарында тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл жұмыстар ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, отбасылық тәрбиені нығайтуға және жас ұрпақтың тұлғалық дамуына оң әсерін тигізді.

Балалардың қауіпсіз әрі жайлы ортада білім алуын қамтамасыз ету мақсатында аудан мектептерінде «ДосболLIKE» бағдарламасы жүзеге асырылды. Бағдарлама шеңберінде буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу, оқушылар арасындағы достық пен өзара құрметті нығайту бағытында түрлі тренингтер, пікірталастар мен психологиялық кездесулер өткізілді. Нәтижесінде мектеп ұжымдарындағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға басымдық берілді.

Құқықтық тәрбие де назардан тыс қалған жоқ. Жыл бойы құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен кездесулер ұйымдастырылып, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған тәрбие сағаттары, байқаулар мен танымдық іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар аудан көлемінде «Түнгі қаладағы балалар» және «Демалыс» жедел-профилактикалық шаралары тұрақты жүргізіліп отырды.

    Отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту мақсатында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының жұмысы жанданды. Ата-аналарға бала қауіпсіздігі, цифрлық мәдениет, отбасылық құндылықтар және тәрбиедегі жауапкершілік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар бала тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің серіктестігін күшейтуге мүмкіндік берді.

Ұлттық тәрбие мен ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз етуде «Даналық мектебі» жобасының орны ерекше болды. «Әжелер мектебі», «Ағалар мектебі», «Аға қамқорлығы» орталықтары арқылы үлкен буынның өмірлік тәжірибесі мен тағылымы жас ұрпаққа насихатталды.

Азаматтық-патриоттық тәрбие бағытында мемлекеттік және ұлттық мерекелер кең көлемде аталып өтті. Республика күні, Тәуелсіздік күні, Наурыз мейрамы, Жеңіс күні және Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар оқушылардың ел тарихына деген құрметін арттырып, отансүйгіштік қасиеттерін нығайтты.

2026 жыл – Халықаралық волонтерлер жылы аясында аудан мектептеріндегі еріктілер қозғалысы жаңа серпін алды. Оқушылар қайырымдылық акцияларына белсенді қатысып, қарттарға көмек көрсету, қоршаған ортаны қорғау және тарихи мұраларды сақтау бағытындағы жұмыстарға атсалысты. Бұл бастамалар жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, қоғамға пайдалы болуға деген ұмтылысын қалыптастырды.

Мектеп парламенттері, «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымдарының қызметі де жыл бойы белсенді жүргізілді. Көшбасшылық қасиеттерді дамытуға бағытталған кездесулер, тәжірибе алмасу алаңдары мен аудандық іс-шаралар оқушылардың қоғамдық белсенділігін арттыруға ықпал етті.

Қауіпсіздік мәселесі де тәрбие жұмысының маңызды бағыты ретінде қарастырылды. Барлық білім беру ұйымдарында апта сайын қауіпсіздік сабақтары өткізіліп, жол қозғалысы ережелері, өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік, интернет кеңістігіндегі қауіптер және төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету жолдары түсіндірілді.

Жалпы, 2025–2026 оқу жылында Абай ауданы білім беру ұйымдарында тәрбие жұмыстары жүйелі әрі мазмұнды жүргізілді. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, еріктілік пен патриотизмді дамыту, отбасы институтын нығайту бағытындағы жұмыстар жас ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуына негіз қалап, тәрбие саласындағы маңызды міндеттердің орындалуына мүмкіндік берді.

                                        

                                            ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ

 

   Абай ауданы бойынша қосымша білім беру ұйымдарында балаларды өнер және шығармашылық бағыттары бойынша қамту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Жәнібек Кәрменов атындағы саз мектебі 1971-1972 оқу жылында «Аудандық жеті жылдық балалар музыка мектебі» болып өзінің есігін өнерлі, дарынды балаларға ашылды.

2026 жылы «Ж. Карменов атындағы балалар өнер мектебі»КМҚК болып атауы өзгерді.(Көркемдік эстетикалық-эстетикалық-музыкалық бағыт)  14 сынып бойынша жұмыс жасап отыр. (мысалы домбыра сыныбы,қобыз сыныбы т,б.)

Білім алушылар саны – 575 оқушы. Оқыту форматы жеке, топтық:

Домбыра сыныбы– 89 оқушы, қобыз-прима сыныбы – 93, қыл-қобыз сыныбы – 12, скрипка сыныбы– 9, ән-домбыра сыныбы – 45, виолончель сыныбы – 3, баян сыныбы – 15, хореография сыныбы– 214, шертер сыныбы – 9, флейта сыныбы– 5, театр сыныбы – 29, вокал сыныбы– 29, хор сыныбы – 19, жетіген сыныбы– 4.

 Саржал:         домбыра-20, қобыз-прима-13,би сыныбында-50 оқушы     

 Қасқабұлақ:   қобыз-прима-9, ән домбыра-20,би-57оқушы

 Құндызды:     домбыра-13,қобыз-прим-13,вокал-29, хор сыныбы-19

 Көкбай:           домбыра-10, қобыз-прима-4 оқушы

 Кеңгірбай би:  домбыра-9, қобыз-прима-7, баян-8  оқушы қатылып отыр

 Қарауыл:         домбыра-37,қобыз прима-47,қыл-қобыз-12,скрипка-9,ән-  

 домбыра-25,вилончель-3,баян-7, би-107,шертер-9,флейта-5,театр-

29,вокал-14,жетіген-4.

Ең жоғары көрсеткіш хореография (214 бала), қобыз-прима (93 бала) және домбыра (89 бала) бағыттарында байқалады. Бұл ұлттық өнер мен би өнеріне қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді.

«Балалар көркемсурет мектебі» КМҚК 1992-1993 оқу жылында ашылды. Алғашқыда 6 мүғалім болса

Сонымен қатар, «Балалар көркемсурет мектебі» КМҚК-да   (көркем-эстетикалық); бағытта 8 пәнен дәріс береді. Оқыту форматы: топтық

8 пән (сурет, кескіндеме, мүсін, қолданбалы композиция, станокты композиция, бейнелеу өнерінің тарихы, компьютерлік сызба және дизайн, пленэр) 16 топ жұмыс жасап отыр.

 Білім алушылар саны – 163 бала.

Қосымша білім беру ұйымдары Көкбай, Шәкәрім Кеңгірбай би, Тоқжігітов, Мамай, Қарауыл ауылындағы оқушылар қамтылуда.

 Көкбай-43

 Шәкәрім-13

 Тоқжігітов-13

 Мамай-10

 Қарауыл-84

Қамту көрсеткіші бойынша Қарауыл ауылында балалар саны басым.

Жалпы аудан бойынша қосымша біліммен қамтылған балалар саны – 738 бала.

Қосымша білім беру бағытында жұмыстар жалғасуда. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауылдық елді мекендердегі қолжетімділікті арттыру бағытында жүйелі шаралар қабылдануда.

 

Әр балаға қолдау: Абай ауданындағы психологиялық-педагогикалық қызмет жұмысы

 

   Қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі маңызды бағыттардың бірі – ерекше білім беруді қажет ететін балаларға сапалы білім беру мен психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Осы бағытта Абай ауданының білім беру ұйымдарында жүйелі жұмыстар жүргізіліп, балалардың білім алуына, әлеуметтенуіне және жан-жақты дамуына қолайлы жағдайлар жасалуда.

2025–2026 оқу жылында аудан мектептерінде психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі №92 бұйрығы «Психологиялық педагогикалық қолдау қызметінің қағидалары» негізінде жұмыс ұйымдастырылды. Аудан бойынша 11 мектеп, 1846 оқушы, 12 педагог-психолог.  Оның ішінде: 5 педагог-сарапшы, 4 педагог-модератор, 3 педагог жұмыс атқарады.

Психологиялық қолдау «Абай ауданы білім бөлімі»ММ және «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығының» бірлескен жұмысымен жүзеге асырылады. Педагог-психологтар жылдық жоспарға сәйкес диагностикалық, түзету-дамыту, профилактикалық және кеңес беру жұмыстарын жүзеге асырып келеді.

Оқу жылының басынан бастап оқушылар арасында психологиялық диагностика жүргізіліп, олардың эмоционалдық жағдайы, мінез-құлқы мен әлеуметтік бейімделу деңгейі зерттелді. Нәтижесінде тәуекел тобына жататын оқушылар анықталып, олармен әлеуметтік педагогтар, психологтар және сынып жетекшілері бірлескен жұмыстар атқаруда. Әрбір балаға жеке қолдау көрсету бағыттары белгіленіп, қажетті көмек түрлері ұйымдастырылды.

Аудан мектептерінде оқушылардың қауіпсіздігі мен психологиялық саулығын қамтамасыз ету мақсатында «Сенім телефондары» мен «Сенім жәшіктері» жұмыс істейді. Бұл балаларға өз мәселелерін ашық айтып, қажетті қолдау алуына мүмкіндік береді.

Жыл көлемінде педагог-психологтардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған түрлі семинарлар, практикумдар, байқаулар, олимпиадалар мен оқыту курстары өткізілді. Аудан педагогтері облыстық деңгейдегі іс-шараларға белсенді қатысып, тәжірибе алмасып, кәсіби біліктіліктерін жетілдірді.

«Абай ауданы білім бөлімі» ММ ерекше білімді қажет ететін оқушылармен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы №4 бұйрығы негізінде жұмыс атқарылады. Барлық мектепте инклюзивті білім беру ұйымдастырылып, қажетті жабдықтармен қамтылған. Ерекше білімді қажет ететін оқушылары бар мектептер саны 6. Инклюзивті біліммен қамтылған балалар саны – 34: Оның ішінде 9 бала үйде оқытылады. Үйде жеке тегін оқытылатын 9 бала компьютерлік техникамен және интернет желісімен толық қамтамасыз етілген. Қажетті кабинеттер ашылып, арнайы жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Қазіргі уақытта аудан мектептерінде ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен 76 педагог жұмыс жүргізуде. Олардың қатарында педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, педагог-ассистенттер және басқа да мамандар бар. Сонымен қатар педагогтердің басым бөлігі инклюзивті білім беру бойынша арнайы біліктілік арттыру курстарынан өткен.

Білім беру ұйымдарында қолжетімді орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Мектептерде пандустар орнатылып, кіреберістер бейімделген, арнайы санитарлық тораптар жасақталған, ақпараттық және телекоммуникациялық құралдармен жабдықтау жұмыстары жүргізілген.

Ауданда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін мемлекеттік мекеме де нәтижелі қызмет атқаруда. Мұнда балаларға психологиялық, педагогикалық түзету және қолдау қызметтері ұсынылып, олардың әлеуетін дамытуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастырылған.

Жалпы алғанда, 2025–2026 оқу жылында Абай ауданы бойынша инклюзивті білім беру мен психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесі тұрақты түрде дамып келеді. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды сапалы біліммен қамту, қолжетімді орта қалыптастыру және мамандармен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Бұл – әрбір баланың толыққанды білім алуына және қоғам өміріне белсенді араласуына жасалған маңызды қадам.

 

Жазғы демалыс кезінде балалардың демалысын, сауықтырылуын ұйымдастыру

 

   Балалардың жазғы демалысын мазмұнды өткізу, олардың денсаулығын нығайту және бос уақытын тиімді ұйымдастыру – білім беру саласындағы маңызды бағыттардың бірі. Осы мақсатта Абай ауданында 2026 жылғы жазғы каникул кезеңінде оқушылардың демалысын, сауықтырылуын, бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.

   Аталған жұмыстар Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысын, сондай-ақ «2024-2026 жылдарға арналған жазғы каникул кезінде балалардың демалысын, сауықтырылуын, бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру» жөніндегі республикалық және облыстық іс-шаралар жоспарын басшылыққа ала отырып жүзеге асырылуда. Жазғы кезеңде балалардың қауіпсіз ортада демалуын қамтамасыз ету, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, спорттық белсенділігін арттыру және туған өлкенің тарихын танып-білуіне мүмкіндік жасау мақсатында аудан мектептерінде түрлі бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылуда.Мемлекеттік сатып алу қызметі арқылы балаларды жазғы сауықтыру лагерьлеріне жіберу жоспарланып отыр.

    Мемлекеттік сатып алу қызметі арқылы 103 оқушыны (6 пайыз) Мақаншы ауданы білім бөлімінің «Дарабоз» жазғы сауықтыру лагерлеріне жіберу жоспарлануда. Бір оқушыға есептелген жолдама құны – 75 000 теңге. Жалпы шығын көлемі 7 725 000 теңгені құрайды.

Сонымен қатар, мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында мектеп жанындағы жазғы сауықтыру алаңдары ашылып, жұмысын жүргізді. Аталған алаңдар «Абай облысы білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 25 мамырдағы №01-03/234 санды бұйрығы және «Абай ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 28 мамырдағы №143 санды бұйрығы негізінде ашылды.

Аталған жазғы алаңдардарда  барлығы 850 оқушы (46 пайыз) қамтылды.

Атап айтқанда:

«Мамай атындағы негізгі орта мектебі» КММ – 20 оқушы;

 «Ж.Молдағалиев атындағы орта мектебі» КММ – 80 оқушы;

«Шәкерім атындағы орта мектебі» КММ – 45 оқушы;

«Ш.Әбенов атындағы орта мектебі» КММ – 120 оқушы;

«Медеу атындағы орта мектебі» КММ – 30 оқушы;

«Көкбай атындағы орта мектебі» КММ – 100 оқушы;

«Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі» КММ – 50 оқушы;

 «Жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – 120 оқушы;

 «ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ – 80 оқушы;

 «С.Бекбосынов атындағы орта мектебі» КММ – 35 оқушы;

«М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ – 110 оқушы;

 «Ж.Кәрменов атындағы балалар өнер мектебі» КМҚК – 30 бала;

 «Балалар және көркемсурет мектебі» КМҚК – 30 бала.

Мектеп жанындағы алаңдардың ашылу салтанаты 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шаралармен басталып, 20 маусымға дейін жалғасты. Лагерь жұмысы барысында балалар үшін сауықтыру шаралары, спорттық жарыстар, мәдени-танымдық кездесулер, шығармашылық және зияткерлік бағыттағы түрлі жұмыстар ұйымдастырылды. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өмірі мен денсаулығын қорғау талаптарының сақталуына ерекше назар аударылды.

Жазғы кезеңдегі маңызды бағыттардың бірі – оқушыларды еңбекке баулу және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Осы мақсатта мектеп жанындағы көгалдандыру жасақтарына 5-8 сыныптардан 682 оқушы, 10 сыныптардан 157 оқушы тартылып, барлығы 839 оқушы (46 пайыз) қамтылды. Оқушылар бақша суару, ауланы көгалдандыру, шөп жұлу, тазалық жұмыстарын жүргізу сияқты қоғамдық пайдалы еңбек түрлеріне қатысты. Жалпы 2026 жылдың жазғы кезеңінде аудан бойынша балалардың демалысын ұйымдастыру шараларымен 1791 оқушыны, яғни оқушылардың 97 пайызы қамтылады.

Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында күндізгі орталықтар, туристік жорықтар, археологиялық және өлкетану бағытындағы экспедициялар, сондай-ақ аудан, қала және облыс көлеміндегі танымдық экскурсиялар ұйымдастырылуда. Экскурсиялық сапарлар барысында оқушылар туған өлкенің тарихи-мәдени орындарымен танысып, ұлттық құндылықтарды тереңірек зерделеу мүмкіндігіне ие болды.

Атап айтқанда:

 Мамай батыр кесенесіне – 42 оқушы;

 Жидебайдағы Абайдың мемориалдық музейіне – 309 оқушы;

Еңлік-Кебек үңгір тасына – 35 оқушы;

 Бөрілідегі М.Әуезов мұражайына – 321 оқушы;

Көкбай Жанатайұлының мұражайына – 56 оқушы;

Ш.Әбенов мұражайына – 200 оқушы;

Сырт Қасқабұлаққа – 53 оқушы;

Еңлік-Кебек кесенесіне – 55 оқушы;

 Тоқтамыс батыр кесенесіне – 50 оқушы;

Қоңыр Әулие үңгіріне – 57 оқушы;

Мұртты қорымдарға – 37 оқушы;

Аққозы қыстағы, Тоғжан мекеніне – 42 оқушы;

 Семей қаласындағы Абай мұражайына – 38 оқушы;

Семей қаласындағы облыстық балалар биологиялық орталығына – 82 оқушы қамтылады.

Барлығы 1399 оқушы (72 пайыз) тарихи-танымдық және экскурсиялық бағыттағы іс-шараларға қатысады.

Сонымен қатар, балаларды жазғы демалыс орындарына тасымалдау жұмыстары қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отырып ұйымдастырылады.  Оқушыларды тасымалдау барысында көлік құралдарының техникалық жағдайы, жүргізушілердің жауапкершілігі, жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптары және балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау шаралары толық қамтамасыз етіледі.    

          Ұйымдастырылып отырған жазғы демалыс шаралары балалардың денсаулығын нығайтуға, бос уақытын пайдалы өткізуге, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға бағытталған. Жазғы кезеңдегі бұл жұмыстар жас ұрпақтың жан-жақты дамуына, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға зор мүмкіндік береді.

 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ

 

   Абай ауданы бойынша 12 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды. Оның ішінде 4 мемлекеттік балабақша, 2 жекеменшік, 6 шағын орталық жұмыс жасайды.

Балабақшада-675 бала

Шағын орталықта-116 бала

Мектепке дейінгі ұйымдарда -64 педагог жұмыс жасайды, Мектепке дейіңгі білім беру жүйесін дамыту және Абай ауданының мектепке дейіңгі ұйымдары мен білім бері мектептерінің мектепалды даярлық сыныптарына әдістемелік көмек көрсету және сүйемелдеу мақсатында білім бөлімі жанынан мобильді топ жұмыс жасайды.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға (заңды өкілдерге) әдістемелік, консультациялық көмек көрсету мақсатында консультативтік пункттер жұмыс жасайды.

Консультативтік пункттің негізгі міндеттері: мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға консультациялық  көмек көрсету;

Ата-аналардың  педагогикалық құзыреттілігін арттыру. Балалардың толыққанды психикалық және тұлғалық дамуына жәрдемдесу.

  Оқу жылының басында ата-аналарға арналған кеңес беру пунктінің оқу-тәрбие тізбесі жасалып, қабылдау кестесі бекітілді. Оқу-тәрбие тізбесі бойынша жұмыстар атқарылды. Мектеп жасына дейінгі балалардың отбасыларын анықталып, консультативтік кеңеске шақыру жұмыстары жүргізілуде.

Мектепке дейінгі ұйым арасында семинарлар ұйымдастырылып отырады.

 

МАТЕРИАЛДЫҚ   БАЗА   ЖӘНЕ   ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

 

  Білім сапасын арттырудың маңызды шарттарының бірі-білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мен қаржыландыру болып табылады. Бұл орайда ауданның білім беру жүйесіне мемлекеттен бөлінетін қаржы көлемі де жыл сайын өсуде.

2025 жылы қаржыландыру 4 млрд 667 млн 343мың теңге                                         қаражатты құраса, 2026 жылы 4 млрд 723 млн 656,2 мың теңгені құрады.

          2025-2026 оқу жылында «Қазақстан халқына» қоры арқылы С.Бекбосынов, Ж.Молдағалиев және Шәкерім мектебіне екі кабинеттен, санды кабинет пен ғылыми кабинеттер жабдықталды.  «Жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-сіне  география 3356 мың теңгеге, робототехник 8288 мың теңгеге, химия лаборотория 1590 мың теңгеге, жиыны 13234,0 мың теңгеге кабинеттер алынды.

  2026 жылға 470550,0 мың теңгеге жөндеу жұмыстарына сұранысқа сметалық құжаттар өткізілсе, 1 мектепке - С. Бекбосынов атындағы орта мектебінің электр жүйесін жөндеуге 13407,0 мың теңге қаржы бөлінді.

 

Кітапхана

 

   Мектеп кітапханасы – білім беру ұйымының оқу-тәрбие үдерісін оқулықтармен, оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен қамтамасыз ететін маңызды құрылымдық бөлімше. Қазіргі таңда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру міндетін жүзеге асыруда мектеп кітапханасының атқаратын рөлі ерекше.

Кітапхана оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыруға, рухани-адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіруге және оқырмандық мәдениетін дамытуға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізеді.

   Мектеп кітапханалары өз қызметін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік-құқықтық құжаттары, «Білім туралы» және «Кітапхана ісі туралы» заңдары негізінде жүзеге асырады.

Абай ауданы бойынша 11 мектеп кітапханасы жұмыс істейді. Жалпы кітап қоры 63 510 дананы құрайды, оның ішінде негізгі қор – 16 978 дана. Оқушыларды оқулықтармен толық қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын жетіспейтін оқулықтарға қосымша тапсырыс беріліп отырады.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жоба кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға және кітаптың қоғамдағы рөлін арттыруға бағытталған.

    Осы бастаманың жалғасы ретінде 2023 жылдан бастап «Балалар кітапханасы» жобасы іске асырылып келеді. Жобаның негізгі мақсаты – мектеп кітапханаларының көркем әдебиет қорын толықтыру және балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

2023 жылы облыстық бюджеттен әр мектепке 700 мың теңгеден қаржы бөлініп, көркем әдебиеттер сатып алынды. Сонымен қатар «ASSYLTAS» қоғамдық қорының «Артық білім – кітапта» жобасы аясында Абай ауданының мектептеріне қазақ және әлем әдебиетінің таңдаулы шығармалары сыйға тартылып, кітап қорлары 660 дана жаңа кітаппен толықтырылды.

     Жоба аясында аудан мектептерінің кітапханалары жаңартылып, заманауи талаптарға сай жабдықталды. Кітапханалардың жұмысын жандандыру мақсатында түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар мен байқаулар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Атап айтқанда, «Үздік мектеп кітапханасы», «Үздік оқырман отбасы», «Кітап оқып жетістікке жет», «Кел, оқиық дауыстап», «Жүзден жүйрік жас оқырман» байқаулары өткізілуде. Сонымен қатар ұлы ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын насихаттау мақсатында оқушылар арасында жыл сайын байқаулар ұйымдастырылады.

2026 жылғы 12–21 сәуір аралығында ауданның барлық білім беру ұйымдарында «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» атты онкүндік өткізілді. Онкүндік барысында ғылым күні, баспасөз күні, шығармашылық күні, құндылықтар күні, жазушылар күні, цифрлық күн, отбасы күні, квест күні, зияткерлік күні және таным күніне арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл жұмыстар оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.

Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар өз нәтижесін беруде. Соның бір дәлелі – 2026 жылғы «Артық білім кітапта» облыстық байқауы. Аудандық кезеңде І орын алған «Жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің «Бес асыл» командасы облыстық финалда жеңімпаз атанып, Бас жүлдені иеленіп, автокөлік ұтып алды. Бұл – аудан мектептеріндегі кітап оқу мәдениетін дамыту бағытында жүргізілген жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі.

    Қорытындылай келе, мектеп кітапханалары – жас ұрпақтың рухани дамуы мен білім сапасын арттырудағы маңызды орталықтардың бірі. Алдағы уақытта да кітапханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту, кітап қорларын толықтыру және оқырмандық мәдениетті дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Дата публикации
03 июля 2026