Абай ауданының барлық елді мекендері таза ауыз сумен қамтамасыз етілген, бірақ, Архат, Кеңгірбай би, Құндызды және Медеу ауылдарының су құбырлары желілерінің жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін Абай ауданының ауылдық округ орталықтары 100% орталықтандырылған су құбырына қосылады.
1.«Архат ауылының су құбырын қайта жаңғырту». Келісім шарт құны –707 878,7 мың теңге. Мердігер «Карат-Z» ЖШС. Техникалық қадағалау – «Нурай-Сервис» ЖШС. Авторлық қадағалау – «АспектСтройИнновац» ЖШС. Құбырдың жалпы ұзындығы – 13 км. Қазіргі уақытта құбырларын тарту, ғимараттар мен құрылымдар салу жұмыстары және электр желісін тарту жұмыстары толық аяқталды. Қалған жұмыстар: абаттандыру, видео бақылау орнату, құдықтарды бетондау. Бүгінгі күні 14 колонка жұмыс жасап тұр. Қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін , 121 аула, 8 әкімшілік ғимаратқа су тартылады.
2.«Кеңгірбай би ауылының су құбырын қайта жаңғырту». Сметалық құны – 668 728,6 мың тг. Келісім шарт құны – 641 729,9 мың теңге. Мердігер – «ARMADA QURYLYS» ЖШС. Техникалық қадағалау – «Техна-С» ЖШС. Авторлық қадағалау – «Құрылыс Сауда Экспо» ЖШС. Құбырдың жалпы ұзындығы – 9,4 км. Бүгінгі күні 5 колонка бар оның 1 жұмыс жасап тұр. Қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін , 148 аула, 4 әкімшілік ғимаратқа су тартылады.
Құбырдың жалпы ұзындығы – 17,8 км. Бүгінгі күні 23 колонка жұмыс жасап тұр. Қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін , 340 аула, 7 әкімшілік ғимаратқа су тартылады.
4.«Медеу ауылының су құбырың қайта жаңғырту». Келісім шарт құны – 818 995,0 мың теңге. Мердігер «СК Спецмонтаж 2030» ЖШС. Техникалық қадағалау – «Техна-С» ЖШС. Авторлық қадағалау – «Құрылыс Сауда Экспо» ЖШС.
Құбырдың жалпы ұзындығы – 5,38 км. Қазіргі уақытта құбырды тарту, ғимараттар мен құрылымдар салу жұмыстары және электр желісін тарту жұмыстары аяқталды. Бүгінгі күні 8 колонка жұмыс жасап тұр. Қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін , 65 аула, 5 әкімшілік ғимаратқа су тартылады