Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімге куәлік тапсырды
2026 жылғы 30 маусымда Абай ауданы Құндызды ауылдық округінің әкімі болып сайланған Әділет Қадырғалиұлы Оразбаевқа Абай ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Маратұлы Думан куәлікті табыс етті. Абай ауданы Құндызды ауылдық округі тұрғындарының тікелей сайлауы нәтижесінде әкім лауазымына сайланған Әділет Қадырғалиұлы Оразбаев 2026 жылғы 30 маусымнан бастап өз міндетін ресми түрде атқаруға кірісті. Әділет Қадырғалиұлы Оразбаев 1982 жылы, Абай ауданы Құндызды ауылында туған. Авариялық-құтқару бекетінің өрт сөндіруші-құтқарушысы, «Бексұлтан» ЖК басшысы болып жұмыс істеді.