

2026 жылғы 19 маусымда аудандық АСК Құндызды ауылдық округінде орналасқан 168 учаскелік сайлау комиссиясы мүшелері үшін оқыту өткізді. Сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру жөніндегі 2026 жылға арналған жоспарға сәйкес ұйымдастырылды.
Оқыту сайлауды ұйымдастырушылардың практикалық дағдыларын жетілдіруге және құқықтық құзыреттілігін арттыруға бағытталды. Жиын барысында қатысушылар сайлау науқандарын өткізудің өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады. Сайлаушыларды ақпараттандыру, сайлау күнің ұйымдастыру және бақылаушылармен өзара іс-қимыл жасау ережелеріне ерекше назар аударылды. Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында учаскенің қолжетімділігі қарастырылды.