Абай облысы Абай ауданы Құндызды ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну туралы ақпарат
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2026 жылғы 20 мамырда Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 28 маусымға Абай облысы, Абай ауданы, Құндызды округ әкімдерінің сайлауын тағайындады.
2026 жылдың 21 мамырдан бастап ауылдық округ әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
2026 жылдың 03 маусымдағы жағдай бойынша 3 кандидат ұсынылды.
3 кандидат өзін-өзі ұсынды.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 02 маусымда сағат 18:00-де аяқталды.
Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы