Сайлауды ұйымдастырушылар мен басқа да сайлау процесіне қатысушыларды каскадты оқыту бойынша 2026 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларымен "Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтары мен қажеттіліктері" тақырыбында оқыту ұйымдастырды. Оқыту барысында мүгедектігі бар адамдардың дауыс беру барысында кездесетін кедергілерін жою мәселелері көтерілді:
✅ Қолжетімді орта: Сайлау учаскелеріндегі пандустар мен тактильді жолдардың сапасы.
✅ Ақпараттық көмек: Брайль қарпіндегі трафареттер, түсінікті ақпараттардың қолжетімділігі.
✅ Этика және қолдау: Сайлау комиссиясы мүшелерінің ерекше қажеттілігі бар жандармен дұрыс қарым-қатынас жасау.