Абай облысы Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ
Абай ауданы Құндызды ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Абай ауданы Құндызды ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылдың 28 маусымына тағайындалсын.
- 2026 жылғы 28 маусымға тағайындалған Абай ауданы Құндызды ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары, осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Абай елі» аудандық газетінде жариялансын.
Сайлау
комиссиясының төрағасы Д.Маратұлы
Сайлау
комиссиясының хатшысы Т.Сағынбаев
Қарауыл ауылы, 2026 жылғы 20 мамыр
№ 15