Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Спорт және туризм

2026 жылы ауданымызда халықтың саны – 13 224 адам. Аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде айналысушылар саны 5 403 адамды құрап, жалпы халық санының 41,5 пайызын қамтыды.

Бүгінгі күні 32 спорттық нысан бар, олар: 2 спорт кешені, 10 хоккей алаңы, 1 жүзу бассейні, 1 ипподром,18 жазықтық құрылымдар(12 футбол алаңы, 1 спорттық ядро, 5 стрит воркаут алаңдары) бар. Бұл спорт нысандарының барлығы бүгінгі күні халық үшін қолжетімді. 19 спорт залдар: 12 мектептің спорт залдары, 4 спорт кешенінің спорт залдары (күрес залы, бокс залы, жаттығу залы және ойын залы), 1 спорт зал ескі спорт мектебінің ғимараты (көркем гимнастика залы) және 2 спорт зал Құндызды ауылында (күрес залы мен жаттығу залы). Бұл спорт нысандарының барлығы бүгінгі күні халық үшін қолжетімді. «Дене тәрбиесі кадрлары» бойынша ауданда 92 спорт маманы қызмет атқарады. Олар: жалпы орта білім беретін мектептерде – 44 мұғалім, балалар-жасөспірім спорт мектебінде – 40 жаттықтырушы (29 штаттық, 11 қосымша беруші), орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушысы (Абай колледж) – 1 мұғалім, спорт бойынша әдіскерлер саны – 4, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінде – 3 маман қызмет атқарады. Бүгінгі таңда спорт мектебінде 892 бала спортпен шұғылданады 83 топта спорттың 9 түрі бойынша жаттығады. Атап айтқанда бокс, дзюдо, классикалық волейбол, жүзу, таеквондо WT, футбол, көркем гимнастика, футзал, қазақша күрес және тоғызқұмалақ.

Сонымен қатар, барлық ауылдық округтерде спорт мектебінің филиалдары жұмыс жасайды. Мысалы Қасқабұлақ ауылында бокс, волейбол, қазақша күрес, Ордада бокс, Архатта қазақ күресі, Құндыздыда дзюдо, қазақша күрес, Көкбайда бокс, футбол, қазақша күрес, Медеуде қазақша күрес, Саржалда бокс, классикалық волейбол, дзюдо, Тоқтамыста қазақ күресі, Кеңгірбай би ауылында қазақша күрес бөлімдері жемісті еңбек етуде. Бөлімінің жоспарына сәйкес және жоспардан тыс бұқаралық спортты дамыту мақсатында 40-қа жуық қаңтар айынан бастап, бүгінгі күнге дейін ересектер мен жасөспірімдер арасында аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі спорттық іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ: Спорттың 15 түрінен аудан әкімінің жүлдесі үшін өткен аудандық спартакиада, сондай-ақ, мерекелік шараларға байланысты 8 наурыз мерекесі, 22 наурыз мерекесі, 7 мамыр Отан қорғаушы күні,9 мамыр жеңіс күні мерекелеріне орай футбол, волейбол, үстел теннисі, дзюдо, ұлттық спорт ойындарынан тоғызқұмалақ, асық ату, қазақ күресі, ат спорты ойындары және көкпардан спорттық жарыстар өткізілді. Абай ауданында дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын мүмкіндігі шектеулі адамдардың саны 27 адамды немесе дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға рұқсат етілген мүгедектер санының 19% құрайды. Оның ішінде тірек-қимыл аппараты зақымданған – 6 адам (дойбы), көру қабілеті бұзылған – 11 адам (тоғызқұмалақ, шахмат), есту қабілеті бұзылған – 10 адам (волейбол, үстел теннисі).

«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудың 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы» іске асыру барысы бойынша Абай ауданында әр спорт түрлері бойынша спорттық шаралар өткізіліп тұрады. Абай ауданының дене шынықтыру және спорт саласы арқылы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында 20-ға жуық спорттық шаралар өткізілді.

Документы
Ақпарат
02 июля 2026
Абай ауданында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпарат.
Ақпарат
30 декабря 2025
Абай ауданында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпарат.
Ескертпе
24 января 2025
«Абай облысы Абай ауданының дене тәрбиесі , спорт және туризм бөлімі» ММ
Туристтерге арналған жадынама
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
1
«ҚАЛАДАН - АУЫЛҒА» ЖОБАСЫ БАСТАЛАДЫ Абай облысында ауыл әлеуетін арттыруға бағытталған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы іске қосылады. Жоба аймақ басшысы Берік Уәлидің бастамасымен қолға алынбақ. Енді ауылға көшуге емеурін танытқандарға кешенді қолдау көрсетеледі. Жоба жайында тілшіміз Ерасыл Кенжебек жалғастырады.
1
Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлының төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес отырысы өтті. Жиынға мәслихат төрағасы М.Нұрсұлтанұлы, бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
«Абай облысы Абай ауданының дене тәрбиесі , спорт және туризм бөлімі» ММ
Абай ауданының әкімдігі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы