Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
n.sagyndykova@akimatabai.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Рахымова Айжан Рахымқызы
Бөлім басшысы
Общая информация, образование

Рахымова Айжан Рахымқызы 1971 жылы Семей облысы Абай ауданының Қарауыл ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Семей совет сауда   техникумын, 2005 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін бітірген.

 

Карьера

Еңбек жолын 1993  жылы Абай аудандық әлеуметтік қорғау бөлімінде штаттан тыс инспектор болып  бастаған.

1995-1999 жылдар аралығында аудандық халықты әлеуметтік қорғау департаментінің пенсия тағайындау жұмысымен айналысатын маман, 2002-2007 жылдар аралығынада бас маман, 2007-2010 жылдар аралығында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары болып қызмет атқарды. Бүгінгі күні осы бөлімде бас маман болып қызмет жасайды.

Әлеуметтік салада үздіксіз 32 жыл 11 ай қызмет жасап келеді.Білікті маман, үздік теориялық білімімен, мол практикалық тәжірибесімен ол өзінің бүкіл қызметін осы саласына арнады. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік жасап келеді. Батыр аналар «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегері және көп балалы аналарды қолдау мақсатында ақшалай төлемдер, материалдық көмектер және тағы да басқа жәрдемдердің уақытында төленіп, берілуі бағытында қажырлы еңбек етіп келеді.

   Абай ауданы 40 жыл бойы Семей ядролық сынақ полигонының зардабын тартқандықтан, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру ерекше бақылауды және осы сала мамандарының аса жоғары кәсіби біліктілігін қажет етеді. Зардап шеккен халықтың, мүгедектердің  тиісті шипа жайларда кезең-кезеңмен, уақытында демалуын реттеп отырады.

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында сурдо-тифло құралдар, жүріп –тұруы қиын мүгедектерді отырғыш арбалармен уақытында қамтамасыз етілуін қадағалап отырады.Сонымен қатар аудандағы  ардагерлермен  жұмысты өте жоғары деңгейде ұйымдастыра біледі.

Айжан Рахымқызы көңілі жарым жандардың мұң-мұқтажын, қажеттілігін түсініне білетін, адамгершілік болмысы биік адам.Өзінің ізденімпаздығы, принципшілдігі, адамдарға деген мейірімділігінің аудан халқы арқасында , қызметтестері арасында үлкен құрмет пен беделге ие.

2020 жылы «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төс белгісімен, 2020 жылы  «Үздік мемлекеттік қызметші» медалімен марапатталған.

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы