Аудан әкімінің Орда ауылы тұрғындарымен есептік кездесуі өтті

Аудан әкімінің Орда ауылы тұрғындарымен есептік кездесуі өтті

📌Құрметті жерлестер!

🔹Бүгін аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы жұмыс кестесіне сәйкес Орда ауылының тұрғындарымен кездесіп, Абай ауданы бойынша 2024 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

🔹Ауыл тұрғындары интернет желісі, көлік жолы, көше жарық шамдары, балалар ойын алаңына құм себу, ауыз су, медициналық қызмет бойынша сұрақтар қойып, аудан әкімі және сала басшылары тарапынан тиісті жауаптар берілді.

🔹Есептік кездесуден кейін аудан әкімі ауыл тұрғындарына жеке қабылдау өткізіп, Орда ауылында құрылыс жұмысы жүріп жатқан медициналық пункт жұмыс барысын бақылап көрді.