Алдымен Архат ауылындағы су құбырын қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Жұмыстың сапасын тексеріп, мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын жоспарға сәйкес әрі сапалы түрде аяқтауды тапсырды. Аталған жобаның толық аяқталу мерзімі —осы жылдың қыркүйек айы.
Содан кейін С.Бекбосынов атындағы орта мектепке барып, білім беру мекемесінің жағдайымен танысты. Мектептің алдағы жылу беру маусымына толық дайын болуы керектігін айтып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Ауылдық дәрігерлік амбулаторияның жұмысын да арнайы бақылап, медициналық қызметтің сапасын арттыру бағытында бірқатар мәселелер көтерілді. Ауылдық округ әкіміне және жауапты сала жетекшісіне амбулатория қызметін жетілдіру үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырды.
Бұл жұмыстардың барлығы ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған.