В рамках социально-экономического развития Архатского сельского округа 2024 год был завершён с положительными результатами, и мы подошли к порогу нового 2025 года с новыми планами и целями.

Архат ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы аясында 2024 жыл оң нәтижелермен қорытындыланып, жаңа 2025 жылға тың жоспарлармен қадам басар сәтке де келіп жеттік.
(Архат ауылы мен Орда елді мекенін дронмен түсірген видео жүріп жатады)
(1) Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Мен сайлауалды сөздерімде ауылды өркендету ісіне баса назар аудардым. Бүгінде Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұрады. «Ауыл – ел бесігі» деп халқымыз бекер айтқан жоқ. Сондықтан ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ, бәрімізге сын» деген болатын.
(2) Бұған қоса, Презитентіміздің бастамасымен жаңадан Абай облысы қайта құрылып, жаңа облыстың кешенді даму жоспары әзірленіп бекітілген тұста Архат ауылына тікелей қатысты жол салу, су құбырын жаңғырту, дәрігерлік бөлімше салу сияқты ірі инвестициялық жобалар да қамтылған болатын.
(3) Ауданымыз негізінен мал шаруашылығына қолайлы болғандықтан, Архат ауылдық округіне қарасты Архат ауылы мен Орда елді екенінде мал шаруашылығымен 2 ЖШС және 61 шаруа қожалығы, сонымен қатар 150 жеке қосалқы шаруашылық жұмысын атқаруда.
Нәтижесінде, бүгінгі таңда мал саны артып, 8 340 бас мүйізді ірі қара, 6 524 бас жылқы және 11 462 бас қой-ешкі малы өсірілуде.
Шаруалар лизингтік бағдарламалар арқылы жаңа тракторларға қол жеткізіп, кәсіптерін одан әрі кеңейтіп дамытуда. Мал шаруашылығын асылдандыру басты назарда.
(4) Ауылдық округке қарасты 262 мың гектар жердің 246 мың гектары ауыл шаруашылығына пайдаланатын жайылымдық жер болса, оның 145 мың гектары шаруа қожалықтар иелігінде.
(5) Биылғы жылы ауыл тұрғындары үшін мал шаруашылығын дамытуға 29 мың гектар жер елді мекен жері болып бекітіліп, қазығы орнатылды.
(6) Мал шаруашылығынан бөлек кен өндіру саласы да қарқынды дамып, ауылға инвестиция тартылып, жаңа жұмыс орындары ашылып, ауыл қазынасына салықтық түсімдер молаюда. Сонымен қатар, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауылдың жанжақты дамуы үшін қоғамдық қорға тұрақты түрде қаржылай көмек көрсетуде.
(7) Ауыл мен қаланың арасына қатынайтын жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол жүру уақытын қысқарту мақсатында облыстық бюджет есебінен ауылға бұрылыс 42 шақырым жолдың 10 шақырымына афальт төселіп, алдағы жылы жөнделетін 10 шақырымға жобалық сметалық құжаттама әзірленді.
(8) Денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында облыстық бюджет есебінен Орда елді меенінде заманауи тұрғыдағы дәрігерлік бөлімшенің құрылысы басталып, жаңа медициналық құрылғылар сатып алынып, қолданысқа беру мерзімі жақындады.
(9) Ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджет есебінен тозығы жеткен су құбырын толығымен жаңарту және әр үйге су кіргізу жұмыстары басталып, алдағы жылы аяқталатын болады. Нәтижесінде ауыл тұрғындары сапалы, қолайлы әрі арзан суға қол жеткізетін болады.
(10) Цифрлық даму бағдарламасы аяснда интернет желісін күшейту мақсатындаАрхат ауылы мен Орда елді мекендерінде 40 және 30 метрлік антенно-мачталық құрылғы орнатылып, Архат ауылында 4G интернет желісі орнатылып халық игілігіне берілді. Бұл озық технологияны жақсы мақсаттарға пайдалану тұрғысында еңкейген қария мен еңбектеген балаға дейін қуанып, қашықтағы қарапайым шаруалар да шексіз алғыстарын білдіруде. Орда елді мекенінде бұл жобаны жүзеге асыру алдағы жылдың еншісінде.
(11) Бизнестің жол картасы мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 6 шаруа қожалыққа электр желісін тартуға қаражат бөлініп, жоба сәтімен аяқталды. Бұл жоба шаруа қожалықтардың одан әрі дамып нығайуына септігін тигізетіні сөзсіз.
(12) Ауыл тұрғындарын тұрақтандыру, демографиялық мәселені шешу, тұрмыстық жағдайды жақсарту мақсатында мемлекеттік тапсырыс бойынша тұрғын үй коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасына сәйкес Архат ауылы мен Орда елді мекенінде 8 тұрғын үй өз иелерін тауып, қуантып отыр. Бұл бағдарлама бойынша жаңа үйге атында үйлері жоқ бюджеттік мекеме жұмысшылары, мүмкіндігі шектеулі жандар, көп балалы отбасы, зейнеткерлер және үйі авариялық жағдайдағы отбасылар қол жеткізе алады.

(12-1) Ауыл орталығына жұмсақ газон төселген жаңа балалар ойын алаңы бой көтеріп, жаздың кешкі самалында немере ойнатқан аналар мен апалардың көзайымына айналды.
(13) Осы жоғарыдағы жобалардың жүзеге асырылуы ең алдымен 2 жыл бұрын демеушілер есебінен әзірленіп, маслихатпен бекітілген Архат ауылы мен Орда елді мекенінің даму схемсы (бас жоспары) болып табылады. Яғни бұл қарапайым сөзбен айтқанда ауылдың стратегиялық төл құжаты болып саналады.
(14) Ауыл әкімшілігінің ұйымдастыруымен бюджет қаражатынан тыс ауылымыздың атымтай жомарт азаматтары мен қожалық жетекшілерінің демеушілігімен, сонымен қатар «Архат-Орда» қоғамдық қорына түсетін қаражат есебінен көптеген шаралар ұйымдастырылды.
Солардың бірі, қарадан шығып хан болған Құнанбай Өскенбайұлының туғанына 220 жыл толуына орай ұйымдастырылған ұлы тойда ауыл азаматтары Құнанбай қорына 15 бас ірі қара мен 4 миллионға жуық қаржылай қолдау білдіріп, ауылымыздың абыройын асқақтата білді. Той барысында «Бала Құнанбайдан Дана Құнанбайға дейін» атты рухани-мәдени іс шараларға ауыл болып ат салысқан және 50 баланы «АШАМАЙ» дәстүріне қатыстырып атқа мінгізіп, жетектеп, сонымен қатар 50 аты тасымалдауға көмектескен барша ауыл тұрғындарына алғысымыз шексіз. Нәтижесінде ауылымыздың 50 баласы «Гиннесстер рекордына» еніп, тойға ат салысқан барша азамат арнайы шығарылған «Құнанбай тойы» кітабына еніп, ерекше қолдау білдірген азаматтар тойдың арнайы төс белгісімен марапатталды.
(15) Сонымен қатар, ұлттық және бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Қазақстан халқына» және «Батыр боламын» қоғамдық қорларының демеушілігімен жалпы құны 9 миллион тұратын спорттық инвентарьлар мен бокс және күрес жабдықтары, теннис үстелі сатып алынып, мектеп ғимаратында арнайы күрес залы салтанатты түрде аудандық жарыс өткізу шарасымен ашылды. Бұл шара аясында аудан әкімінің орынбасары Қазбек Төлегенұлы қордың жетекшісі Ернұр Сабикенұлына аудан әкімінің алғыс хаты мен «Құнанбай 220» төс белгісін ұсынып, иығына шапан жапты, ауыл әкімі Ринат Молдаханов өз кезегінде ауыл тұрғындарының атынан алғыс білдіріп, астына ат мінгізді. Осындай игі шаралардың арқасында болашақта біздің де ауылдан олимпиада чемпиондары шығады деген үміттеміз.
(16) облыстық білім басқармасының қолдауымен Серікқазы Бекбосынов атындағы орта мектептің спорт залына күрделі жөндеу жүргізілді.
(17) Атаңнан мал қалғанша тал қалсын демекші, ауылымызды абаттандыруға тұрақты түрде демеуші болып келе жатқан Молдашев Ертай ағамыз 500 шақырым жердегі Риддер қаласынан арнайы орман шаруашылығынан 50 түк шырша мен қарағай әкеліп, мекемелерге таратып, отырғызу жұмыстарына да жұбайы Дәрия Оралбекқызымен қатысып ел алғысына бөленді. Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деген ойдамыз.
(18) Туған жерге тағзым ретінде ауылымыздың 1987 жылы туған азаматтары мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай арнайы ауылдың кіре беріс босағасына «АЖАРЛЫ АРХАТЫМ» стелласын орнатып, ашылу салтанатын көңілді ән шашумен, от шашумен өткізіп, ауыл жұртшылығын тамсандырды.
(19) Сонымен қатар, ауылымыздың әлеуметтік дамуы мақсатында ашылған «Архат-Орда» қоғамдық қоры қаражаты есебінен ауылдың 170 жанұясына 2 тоннадан көмір таратылып, ауылдың кіреберіс қақпасы заманауи жаңартылып, ауылдың кіреберіс көшесі жарықтандырылып, мектептер мен мәдениет үйіне 3 ЛЭД экран сыйға тартылып, кітапханаға компьютер, принтер және стелаждар сатып алынып, мәдениет үйінің саханасы жаңартылды. Алдағы ауқытта ауылымыздың атшабары жөнделіп, мектеп жанынан спорт кешенін салу жоспарлануда.
Келер жылы да алақандай ауылыыздың асқартаудай армандары орындалып, толағай табыстарға жетейік ауылдастар! Алыстағы ағайын туған жерге бет бұрып, туған елге келіп мал шаруашылығын ұдайы дамытып, ауылымыздың демографиясының дамуына үлес қосады деген үмітттеміз.

Дата публикации
03 сентября 2025