АБАЙ АУДАНЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

Аудан бойынша медициналық мекемелер:
-1 орталық аурухана;
-1 кеңес-диагностикалық емхана;
-5 дәрігерлік амбулатория;
-3 медициналық пункт;
-1 ФАП бар.
Жоғары білімді дәрігерлер саны - 31.
Орта буын медицина қызметкерлері – 101.
Абай аудандық ауруханасына қажетті қосымша жабдықтармен қамтамсыз ету және ауылды жаңғырту бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар:
Бүгінгі таңда аудандық ауруханада медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілу деңгейі -83 пайызды құрайды. Осы мақсатта 2025 жылы республикалық бюджеттен қосымша медициналық жабдықтарды, сатып алуға 45 млн теңге сомасында қаражат бөлінді. Сатып алу процедудалары тек мемлекеттік тендер арқылы жүзеге асырылады.
Абай ДСБ "Абай аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК 2024 жылға арналған ауылды жаңғырту бағдарламасы бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылдың 1 тоқсанында ауданымызда 3 обьект, атап айтқанда, «Саржал ауылдық» ДА, «Медеу ауылдық» медициналық пункті, «Орда ауылдық» медициналық пункті салынып, қолданысқа берілді.

Дата публикации
10 июня 2025