Архат ауылдық округінің әкімі Р.Молдахановтың 2024 жылдың 6 айына дейін атқарылған жұмыстар туралы хабарламасы

Архат ауылдық округінің әкімі  Р.Молдахановтың  2024 жылдың

6 айына дейін атқарылған жұмыстар туралы хабарламасы

 

Құрметті жиынға қатысушылар! 2024 жылдың қаңтар айынан маусым айына дейінгі аралықта Архат ауылында бюджет және демеушілер есебінен атқарылған жұмыстар туралы қысқаша хабарлама жасасам:

 

2024 жылға юджет және салықтық түсімдер бойынша

 

Ауылдық округтің бюджеті 54 605 мың теңге, оның ішінде:

10 млн.тг. Архат ауылында балалар ойын алаңын салуға

3 млн. тг. Архат ауылында көше жарығын орнатуға

1 млн тг. Орда елді мекенінде бір шақырымға жолдың негізін салуға

500 мың теңге қоқыс шығаруға

300 мың теңге көше жарығы светінің құнын төлеуге

39 779 мың теңге әкімшілік аппаратының шығындары(жалақы қоры, салықтық төлемдер, іссапар, бензин, интернет, канцтовар, запастық құралдар және тб).

 

Қосымша облыстық бюджет есебінен медпункт, асфальт төсеу, су құбырын жаңғырту және тұрғын үй салу жұмыстарына қаражат жоспарланған болатын.

 

Салықтар бойыншатөртінші деңгейдегі бюджетке 15 млн. теңге салық түсіп отыр, оның ішінде жеке табыс салығы 779 мың теңге, жер салығы 1 597мың теңге, көлік салығы 2 529мың теңге, жер учаскесін пайдалану салығы                   7 млн теңге, 3 029 мың теңге былтырғы жылдан қалған қалдық.

 

Ауыл шаруашылығы және ветеринария саласы бойынша

Архат  ауылдық  округі бойынша 216 үй саны, 220 отбасы,907 адам тұрады.

Архат ауылдық округі бойынша 01.07.2024 жылға мал басы төмендегідей:

МІҚ малы –10 428 бас,

Қой, ешкі малы – 10 157бас,

Жылқы малы – 8 590 бас.

 

2024-2025 жылға мал азығын дайындауға11 бигада жұмылдырылады, бүгінгі күнге 4 бригада жұмысқа кірісіп кетті. Жеке меншік секторын арзандатылған шөппен қамтамасыз ету мақсатында елі мекен аумағынан арнайы шабындық қарастырылып «Архат Орда» қоғамдық қорынан ниет білдірілген бригадаларға қаржылай көмек көрсетілетін болады.

 

Малдарды асылдандыру бағытында жұмыстар жалғасуда, 10 шаруа қожалы 30 бұқа сатып алып, шығындары жартылай субсидияланды. Жыл басынан бері шаруа қожалықтары 40 млн. теңгеге жуық мемлекеттік қолдауға ие болды.

 

2024 жылы ауыл ішіндегі қаңғыбас иттердің  көзін жою жөніндегі жұмыстар аудандық мал дәрігерлік мекемесімен атқарылды, 40 тан астам қаңғыбас иттің көзі жойылды.

Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық тойына ауылымыздың азаматтары демеушілік көрсетіп, 12 жылқы, 2 өгіз, 5 қой және 1 540 000 теңге арнайы ашылған қорға аударылды.

 

2023 жылы басталған елді мекен жері толығымен анықталып, қадалары қағылды. Көлемі 29 мың гектар.

 

Денсаулық сақтау саласы бойынша

Архат  дәрігерлік амбулаториясында 1 дәрігер, 1 фельдшер және 3 медбике жұмыс жасайды.Абай ауданы орталық аудандық ауруханадан жылжымалы мобильдік комплекспен дәрігер мамандар Орда ауылына келіп ауыл халқын арнайы тексеруден өткізді.

Аудандық емхана арқылы дәрігерлік амбулатория ішінен ашылған дәріхана қызмет жасауда.

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары аясында берілген жоспар орындалу барысында, қоғамдық жұмысқа 14 адам, жастар практикасына 1 адам (2), алғашқы жұмыс орныны 1 адам, әлеуметтік жұмыс орнына 1 адам, күміс жас жобасымен 3 адам, кәсіптік оқытуға 2 адам, қоныс аударумен 2 адам, бос жұмыс орнына 16 адам (20), инфраструктуралық жобаларға 2 адам, жаңажұмыс орнын ашқан 4 кәсіпкер тіркелді.

         Жасыл ел жобасы аясында жоспарланған 6 адамның 3 жұмыс атқаруда, қосымша 4 азамат құжаттарын тапсырды.

 

Абаттандыру бойынша

         Берілген жоспар бойынша 250 тал мен 350 гүл отырғызу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда жоспар артығымен орындалып, 300 тал мен 370 гүл егілді. Барлық саябақтар боялып, ақтау жұмыстары жүргізілді.Талдарды сатып алу жұмыстары демеушілер есебінен жүргізілді.

 

Инфра құрылым саласы бойынша

  1. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша 6 қыстаққа құны 128 млн теңгеге тоқ тартылған болатын, тоқ көзін беру мекемесі тарапынан талаптар күшейіп, қазіргі уақытта сол талаптарды орындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
  2. Интернет мәселесі де алдағы уақытта қосылады, мердігер мекеме материалдарын ұрлатып алуына байланысты жұмысы тоқтап қалды.
Дата публикации
02 июля 2024