Ауыл тұрғындарын тұрақтандыру, демографиялық мәселені шешу, тұрмыстық жағдайды жақсарту мақсатында мемлекеттік тапсырыс бойынша тұрғын үй коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасына сәйкес Архат ауылы мен Орда елді мекенінде 6 тұрғын үй салынып жатыр. Бұл бағдарлама бойынша жаңа үйге атында үйлері жоқ бюджеттік мекеме жұмысшылары, мүмкіндігі шектеулі жандар, көп балалы отбасы, зейнеткерлер және үйі авариялық жағдайдағы отбасылар қол жеткізе алады.