Ұлттық және бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Қазақстан халқына» және «Батыр боламын» қоғамдық қорларының демеушілігімен жалпы құны 9 миллион тұратын спорттық инвентарьлар мен бокс және күрес жабдықтары, теннис үстелі сатып алынып, мектеп ғимаратында арнайы күрес залы салтанатты түрде аудандық жарыс өткізу шарасымен ашылған. Бүгінгі күні бұл секциялар тұрақты түрде жұмыс жасап тұр. Аудан әкімі жүлдесі үшін ұйымдастырылатын аудандық спорт жарыстарының барлық түрлеріне ауыл жастары тұрақты түрде қатысады. Атап айтқанда қыздар арасында волейболдан аудандық жарыста 2 орын, асық атудан аудандық жарыста 3 орындарды иелендік. Ауыл азаматтарының ауызбіршілігін нығайту мақсатында ауыл азаматтары арасында спорттық жарыстар ұйыдастырылып отырады. Осыдан 13 жыл бұрын бой көтерген балаларға арналған хоккей алаңы күрделі жөндеуді қажет етіп тұрған болатын. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында туған жерінің көркеюіне жанашырлық танытып, игі іске үлес қосқан ауылымыздың тумасы, атымтай жомарт ағаларымыздың бірі жерлесіміз Мауқаев Жанарбек Жағыпарұлына шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Жанарбек ағамыз өз қаражаты есебінен 900 000 теңгеге ауылымыздағы балаларға арналған хоккей алаңына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жас ұрпақтың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасауға зор үлес қосты.
Архат ауылдық округінде мәдениет саласы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл тұрғындарының рухани-мәдени өмірін дамытуға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Архат ауылдық клуб үйінде мемлекеттік және атаулы мерекелерге арналған мәдени-көпшілік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп отырады. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі ауыл көлемінде кеңінен аталып өтіп, мерекелік шара барысында 7 киіз үй тігіліп, ұлттық салт-дәстүрлер дәріптелді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 35 жыл, Әнет баба Кішіқұлұлының туғанына – 400 жыл, Құнанбайұлы Ақылбайдың – 165 жылдығы, Көкбай Жанатайұлының – 165 жылдығы, Әйгерім (Шүкіман) – 170 жылдығы, Шәкір Әбеновтің – 125 жылдығы, Қайым Мұхамедхановтың – 110 жылдығы, Әріп Тәңірбергеновтің – 170 жылдығы және Роллан Сейсенбаевтың – 80 жылдығына орай, ұлттық өнер мен мәдениетті дамыту, тарихи тұлғалардың өнегелі өмірі мен шығармашылығын насихаттау, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен қазақстандық патриотизм сезімдерін қалыптастыру мақсатында «Өнерлі өлке» аудандық көркемөнерпаздар байқауы ұйымдастырылды.
Аталған байқауда Архат ауылының көркемөнерпаздары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, шығармашылық шеберліктерін танытты. Байқау қорытындысы бойынша Архат ауылы ІІІ орынға ие болды.
Архат ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен клуб үйінде «Елі үшін еңбек еткен жан» атты О. Нұрбекқызына арналған сұхбаттасу кеші өткізілді. Тағылымды кеш елге адал қызмет еткен ардақты жанның өмір жолын кейінгі ұрпаққа үлгі ету, жастарды отансүйгіштікке және еңбекқорлыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, ауылымызда «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ауылымыздың тумасы, белгілі меценат, жомарт жүректі азамат Тлеумбердин Санат Зекенұлы Архат ауылдық клубының өнерпаздарына 5 домбыра тарту етті. Бұл қолдау ауыл өнерпаздарының шығармашылық қабілетін дамытуға және ұлттық өнерді насихаттауға үлкен мүмкіндік берді.