Ауданымыз негізінен мал шаруашылығына қолайлы болғандықтан, Архат ауылдық округіне қарасты Архат ауылы мен Орда елді екенінде мал шаруашылығымен 3 ЖШС және 59 шаруа қожалығы, сонымен қатар 216 жеке қосалқы шаруашылық жұмысын атқаруда.
Нәтижесінде, бүгінгі таңда мал саны артып, 16022бас мүйізді ірі қара, 11620 бас жылқы және 19421 бас қой-ешкі малы өсірілуде.
Шаруалар лизингтік бағдарламалар арқылы жаңа тракторларға қол жеткізіп, кәсіптерін одан әрі кеңейтіп дамытуда. Мал шаруашылығын асылдандыру басты назарда.
(4) Ауылдық округке қарасты 262 мың гектар жердің 246 мың гектары ауыл шаруашылығына пайдаланатын жайылымдық жер болса, оның 145 мың гектары шаруа қожалықтар иелігінде.
(5) 2025 жылы ауыл тұрғындары үшін мал шаруашылығын дамытуға 29 мың гектар жер елді мекен жері болып бекітіліп, қазығы орнатылды.
(6) Мал шаруашылығынан бөлек кен өндіру саласы да қарқынды дамып, ауылға инвестиция тартылып, жаңа жұмыс орындары ашылып, ауыл қазынасына салықтық түсімдер молаюда. Сонымен қатар, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауылдың жанжақты дамуы үшін қоғамдық қорға тұрақты түрде қаржылай көмек көрсетуде.
(7) Ауыл мен қаланың арасына қатынайтын жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол жүру уақытын қысқарту мақсатында облыстық бюджет есебінен ауылға бұрылыс 42 шақырым жолдың 10 шақырымына афальт төселіп, Биылғы жылға 10 шақырымға жобалық сметалық құжаттама әзірленген алайда қаражат тапшылығына байланысты 5 шақырымға ғана күрделі жұмыстар жүргізіліп жатыр.