Ұлттық және бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Қазақстан халқына» және «Батыр боламын» қоғамдық қорларының демеушілігімен жалпы құны 9 миллион тұратын спорттық инвентарьлар мен бокс және күрес жабдықтары, теннис үстелі сатып алынып, мектеп ғимаратында арнайы күрес залы салтанатты түрде аудандық жарыс өткізу шарасымен ашылды. Бұл шара аясында аудан әкімінің орынбасары Қазбек Төлегенұлы қордың жетекшісі Ернұр Сабикенұлына аудан әкімінің алғыс хаты мен «Құнанбай 220» төс белгісін ұсынып, иығына шапан жапты, ауыл әкімі Ринат Молдаханов өз кезегінде ауыл тұрғындарының атынан алғыс білдіріп, астына ат мінгізді. Осындай игі шаралардың арқасында болашақта біздің де ауылдан олимпиада чемпиондары шығады деген үміттеміз.