Ауыл тұрғындарын тұрақтандыру, демографиялық мәселені шешу, тұрмыстық жағдайды жақсарту мақсатында мемлекеттік тапсырыс бойынша тұрғын үй коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасына сәйкес Архат ауылы мен Орда елді мекенінде 8 тұрғын үй өз иелерін тауып, қуантып отыр. Бұл бағдарлама бойынша жаңа үйге атында үйлері жоқ бюджеттік мекеме жұмысшылары, мүмкіндігі шектеулі жандар, көп балалы отбасы, зейнеткерлер және үйі авариялық жағдайдағы отбасылар қол жеткізе алады.
Ауыл орталығына жұмсақ газон төселген жаңа балалар ойын алаңы бой көтеріп, жаздың кешкі самалында немере ойнатқан аналар мен апалардың көзайымына айналды.