Банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту

Банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту

Әрбір қазақстандық өз еркімен кредиттер мен шағын қарыздарды ресімдеуге тыйым сала алады. Ол үшін eGov.kz порталында немесе eGov mobile мобильді қосымшасында өтінім беру қажет.

❗️Қызметке тек азаматтың өзі өтініш бере алады. Кредиттер мен микроқарыздарды ресімдеуге тыйым салу 6 айға белгіленеді және осы мерзім өткеннен кейін автоматты түрде алынып тасталады. Бұл шектеулерді кез келген уақытта алып тастауға болады.

⏰ Қызмет көрсету нәтижесі 30 минут ішінде дайын болады.

Толығырақ