
Биыл «Zhas Рroject» жобасы аясында 280 шағын грант беріледі
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы Лима Диастың айтуынша, биыл байқау аясында еліміздің үш қаласы мен 17 облысында 10 үкіметтік емес ұйым әрқайсысына 1 млн теңге көлемінде 280 шағын грант береді.
«Орталықтың cisc.kz ресми сайтында «Zhas Рroject» жеке бөлімі бар. Онда конкурс өтетін аймақтардың тізімі берілген, үкіметтік емес ұйымдардың – яғни конкурсты ұйымдастырушылардың байланыстары, олардың телефондары мен қатысуға өтінім беретін сайттардың мекен жайлары көрсетілген», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.