
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ @EgovKzBot Telegram-ботында электрондық үкімет порталының қосымша 3 қызметтің іске қосылғанын хабарлайды.
Енді бот көмегімен азаматтар келесі қызметтерді ала алады:
Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтаманы алу;
Әлеуметтік мәртебені тексеру;
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері туралы ақпаратты алу.
Азамат «Мобильдік азаматтар базасында» тіркеліп, яғни өз телефон нөмірін eGov.kz порталының Жеке кабинетінде бекітіп, Telegram мессенджердегі ботқа жазылуы қажет. Қызметтерді алу үшін @EgovKzBot чатында алдын-ала белгіленген бұйрықтарды орындай отырып, сұранысты SMS-код арқылы растау керек. Сондай-ақ, сұрау салудың нәтижесін азаматтың электронды поштасына жіберу мүмкіндігі де бар.