Меню

Страницы

Статья

 Ақсуат ауданы бойынша спорт саласын дамытуға байланысты 2025 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

 Ақсуат ауданы бойынша спорт саласын дамытуға байланысты 2025 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 242 қаулысын басшылыққа алынып жұмыстар атқарылуда.

Ақсуат ауданы бойынша 18986 халықтың 7664 адамы спортпен шұғылданады пайызға шаққанда 40,4 пайыз. Спорттық инфрақұрылымдар 1000 адамға шаққанда 80,4 пайыз. Ауданда 3963 оқушының 1310 оқушысы спорттық үйірмелерге қамтылған. Ауданда бұқаралық спортты дамыту үшін 56 спорт нысаны жұмыс істейді. Білім беру мекемелерінде 16 спорт зал, 1 спорт модуль, 1 ДСК, Ы.Досқанаұлы атындағы орталық стадион (спорттық ядро). 10 хоккей қорабы және 42 жазықтағы құрлыстар мен 3 стрит воркаут алаңы бар.

Ақсуат ауданының «Бұқаралық және ұлттық спорт ойындары орталығы» КММ-де қазіргі таңда 14 оқытушы - жаттықтырушы, ауданда 65 дене шынықтыру пәні мұғалімдері және қосымша білім беру 34 оқытушылары 14 мектепте жұмыс атқаруда. М.Имашев атындағы БЖСМ 44 жаттықтырушы жұмыс істейді.

Бұқаралық және ұлттық спорт ойындары орталығы арқылы аудан жастарымен балаларға арналып гир спорты, дзюдо, волейбол, үстел теннисі, гимнастика, қазақ күресі, футбол, бокс, жекпе-жек, асық атудан үйірмелер ашылып 456 адам тіркеліп жаттықтырылуда. Ересектер – 144 адам, оқушылар – 312 адам.

М.Имашев атындағы БЖСМ спорттың 10 түрінен жасөспірімдерге қызмет көрсетіп отыр. Оның 5 олимпиадалық спорт түрлері: бокс, волейбол, дзюдо, жүзу спорты және футбол  ұлттық спорт түрлері: қазақ күрес, жекпе-жек, тоғызқұмалақ және гир спорты мен қол күрес бойынша. Қазіргі уақытта жаттығу залдары толығымен іске қосылған 998 оқушы спортпен айналысуда.

Ақсуат ауданы бойынша спорттық үйірмелер, оқытушы-жаттықтырушы және жаттығатын спортшылар туралы ақпарат

 

№

Үйірме атауы

Оқытушы -жаттықтырушы саны

Спортшылар саны

1

Футбол

7

220

2

Волейбол

9

180

3

Қазақ күресі

9

180

4

Бокс

8

180

5

Дзюдо

14

256

6

Жекпе – жек

1

24

7

Көркем гимнастика

1

24

8

Спорттық гимнастика

1

24

9

Үстел тенисі

1

36

10

Тоғызқұмалақ

1

24

11

Жүзу

2

46

12

Асық ату

1

46

13

Қол күрес

1

46

14

Гір көтеру

2

46

 

Барлығы

58

1332

 

 2025 жылдың 6 айында жалпы 38 спорттық іс шаралар ұйымдастырылып 2948 адам қамтылды. Алдағы уақытта халықтың салауаттылығын арттыру және бұқаралық спортты дамыту мақсатында 37 спорттық іс шара өткізу жоспарлануда. Аталған іс-шараға -  5055 адам қамту жоспарлануда. Оның ішінде 2025 жылы «Спорт Эктремизммен Терроризмге» қарсы акциясы аясында 5 іс-шара өткізіліп 460 адам қамтылды.

Оқытушы – жаттықтырушылар, спортшылар арасында әлеуметтік желі пайдаланушылар 1612 адам. Жарияланған посттар бойынша тоқсанына бір мәрте талдау жасалынып отырады.

Ағымдағы жылдың ақпан-мамыр айлары аралығында Ақсуат ауданының мектеп мұғалімдері арасындағы спартакиада ойындарыны ұйымдастырылды. Оған ауданымыздың 14 мектептен 500 – ге жуық мұғалім қатысты. І, ІІ, ІІІ орын алған мектептер қаржылай және қалған қатысушы мектептер естелік сыйлықтармен, аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

2025 жылдың 11-13 сәуірі аралығында әуесқой командалар арасында футзалдан «AQSUAT CUP 2025» облыстық ашық  турнирі өткізілді. Аталған турнирге 14 командадан 150 спортшы қатысты.

Ағымдағы жылдың 31-наурыз - 02 сәуір арлығында Гір көтеруден Астана қаласында өткен Жастар және жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатында Ақсуат ауданы әкімдігінің «Бұқаралық және ұлттық спорт ойындары орталығы» КММ-нің оқушысы Орынбекқызы Ақкербез жүлделі 3 орынға ие болды.  Жаттықтырушысы Аманжолұлы Әділет. Серпе көтеру әдісі бойынша қос қолына 8кг гир (екі қолында 16кг) 49 мәрте көтеріп қола жүлдені жеңіп алды. Гир спортынан жасөспірімдер арасында Ақсуат ауданы өңіріндегі ресми ел чемпионатындағы тұңғыш тарихи жүлде.

Ағымдағы жылдың 6 – 8 маусым аралығында «Асыл бесік - Ақсуат» спорт және өнер фестивалі өтті. Республикамыздың әр өңірінен  «ASSYL ARLAN» турнирінде  80 жуық спортшы қатысты.

Облыс және республикалық маңызы бар қалалардан аламан бәйге, топ бәйге және тай жарысына 100 жуық ат өз бақтарын сынады.

Маусым айының 18-22 күндері аралығында Абай облысы әкімінің жүлдесіне арналған ауыл спорты ойындарына аудан құрамасы командалық жүлделі 3 орынға ие болды. Аталған спартакиада ойындарына 16 спорт түрінен 181 спортшы қатысты.

 

 

 

Бөлім басшысы                                                                                                         М. Дәуренбекұлы

 

Орындаған:Ж. Баянбаев

Тел. 8(72346)2-12-75

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
25 июня 2025
Дата обновления
25 июня 2025
Тип

Сейчас читают

Төтенше жағдай қызметі хабарлайды
14 сентября 2026
Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі
Ақпарат
11 сентября 2026
2026 жылдың 6 айында Ақсуат ауданы әкімінің аппаратына барлығы 294 өтініш келіп түсті.
11 сентября 2026
Ақсуат ауданында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында білім беру саласында атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы