Аудан әкімі Сәтбаев ауылдық округінде болған жұмыс сапарында С.Сейфуллин атындағы орта мектептің қысқа дайындығын, ішінде жүргізіліп жатқан жөндеуді аралап көріп шықты.
Бұл округте де ілкімді істер қатары аз емес. Мысалға, Көктүбек ауылына дейінгі 12 шқ жолды жөндеу, 80 орындық жаңадан мектеп салу, 2024 дәрігерлік амбулатория құрылысын бастау жоспарда.
Бүгінгі таңда бұл жерде ойын алаңын орнату, үйді-үйге ауызсу желілерін тарту жұмыстары басталып кеткен. Сонымен қатар, Сәтбаев ауылының орталық 1 көшесін асфальттау жоспары бар.