Аудан әкімі Асхат Сайдахметұлының жұмыс сапары Жәнтікей ауылына жалғасты. Алдымен Қ.Сәтбаев мектебінің жаңа оқу жылына дайындығын сұрады. Мектеп ауласындағы бос орындарды спорттық мақсатта, соның ішінде асық ойнау, жамбы ату және тағы да басқа ұлттық негізімізді қайта жаңғыртатын ойындарды ұйымдастыру керектігін және осы идея аудандағы барлық мектептерде қолға алынуы тиістігін атап көрсетті. Қазір мектептерде қоңырау орнына, күй ойнайды. Бұл да сол секілді баланың бойына өзінің ұлттық ерекшеліктерін сіңіруге ықпал ететіні даусыз. Бұл жөнінен аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Қыдырмолдинге тапсырма жүктелді.
Келесіде аудан әкімі іргетасы қаланып басталған 150 орындық клуб үйіне барып, жұмыстарын көрді. "Мектепке-жол" акциясымен көпбалалы отбасының баласына оқу-құралдарын сыйға тартты.