Меню

Страницы

Статья

Аудан әкімі Кіндікті ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды

Аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы жұмыс сапарымен Кіндікті ауылдық округінде болып, тұрғындарға аудан көлемінде әр салада атқарылған жұмыстарды баяндап, келешек жоспарлармен бөлісті.

Жиын кезінде ұзақ жылдар мемлекеттік қызметте еңбек еткен, бір кездері Кіндікті ауылында әкім болған, бүгінде елге сыйлы ағалардың қатарындағы Қадыр Байғалиевке аудан әкімі "Ақсуат ауданының Құрметті азаматы" төсбелгісін салтанатты рәсімде табыс етті. Лайықты баға берілгенін көрген жерлестері қуана қол соқты.
Аудан әкімі кейінгі жылда Кіндіктіде біршама шаруалар шешімін тауып, тіршілігі түрлене түскендігін де айтып өтті. Таяу күндері шағын футбол алаңының құрылысы толығымен аяқталмақ, мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жүргізіліп, едені, жылу жүйелері, есіктері жаңартылады, алдағы жылда фельдшерлік пункт салу жоспарға енген. Сондай-ақ, биыл Алғабас ауылының ауызсуына жоба жасалып, келер жылы құрылысын қолға алу көзделген. Және де балалар ойын алаңы салынады, қатты қалдық төгетін орын қоршалатын болады
Жұмыс сапары аясында аудан әкімі Ғ.Мұратбаев орта мектебіне барып, жаңа оқу жылына дайындығын көрді. "Мектепке-жол акциясы" аясында көпбалалы отбасылардың оқушы балаларына оқу-құралдарымен сөмке сыйлап, сабағына сәттілік тіледі.

Дата публикации
06 сентября 2023
Дата обновления
06 сентября 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Төтенше жағдай қызметі хабарлайды
14 сентября 2026
Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі
Ақпарат
11 сентября 2026
2026 жылдың 6 айында Ақсуат ауданы әкімінің аппаратына барлығы 294 өтініш келіп түсті.
11 сентября 2026
Ақсуат ауданында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында білім беру саласында атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы