Меню

Страницы

Статья

Судағы қауіпсіздік ережелері

Судағы қауіпсіздік ережелері.

            Суға шомылу кезінде қарапайым ережелерді сақтай біліңіз:

1.Суға шомылатын арнайы орынды дұрыс таңдай біліңіз.

2.Суға түсуге болмайтын белгіден аспаңыз,тыйым салынған жерлерге шомылмаңыз және суда жүрген моторлы кемелерге жақын жүзбеңіз. Бұл сіздің өміріңізге өте қауіпті.

3.Ата-аналар балаларға қамқорлық жасап, суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмау керек! 4.Ішімдік ішкен жағдайда суға түсуге болмайды!

         Тыйым салынады:

-Жүрек ауруымен ауыратын адамдарға суға түсуге, өйткені суға түсу кезінде қосымша қорқыныштар пайда болады;

-Қатты толқын кезінде суға түспеу;

-Үлкендердің қарауынсыз балаларды суға шомылуға жібермеу керек;

-Салқын суда ұзақ болмау, суда ұзақ болу денені салқындатады;

-Қауіпті жағдай туралы хабар естігенде суда болмау;

-Дәрігердің шешімінсіз су астына сүңгумен айналыспау.

       Суда қауіпсіздік ережелерді сақтау қажет.

Суға тек арнайы жерлерде түсу;

Суға түсу кезінде кемелерге, басқа да жүзу құралдарына жақын бармау;

Камерамен, тақтайлармен, басқа да жүзуге болмайтын құралдармен суға шомылуға болмайды, ескерту белгілері берілген кезде судан дер кезінде шығу;

Таныс емес жерлерге, жағалауларға суға сүңгімеу;

Су температурасы 18 градустан төмен болғанда суға түсуге болмайды.

Суға сынған банкілерді, әйнектерді лақтыруға болмайды, олар суға түсушілерге қауіпті болады; Суда қолдан жасалған жүзу құралдарын пайдаланбау;

         Суға тек қасында үлкен адамдар болғанда ғана шомылу керек. Төтенше жағдай кезінде 101 немесе 112 телефонына хабарласыңыздар.

Дата публикации
06 сентября 2023
Дата обновления
06 сентября 2023
Тип
Төтенше жағдай қызметі хабарлайды

Сейчас читают

Төтенше жағдай қызметі хабарлайды
14 сентября 2026
Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі
Ақпарат
11 сентября 2026
2026 жылдың 6 айында Ақсуат ауданы әкімінің аппаратына барлығы 294 өтініш келіп түсті.
11 сентября 2026
Ақсуат ауданында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында білім беру саласында атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы