Меню

Страницы

Статья

Ақсуат ауданының негізгі әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштерінің ағымдағы жылдың 8-айындағы орындалу барысы туралы ақпарат

Құрметті жерлестер!

 Ағымдағы жылдың 8-айында ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда өсу қарқыны қамтамасыз етілді.

Атап айтқанда:

Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2022 жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 1,5 есеге өсіп, 694 млн. 800 мың теңгені құрады. Жоспар-тапсырма 47 пайызға артық орындалды.

Аудандағы өнеркәсіп өнімі негізінен құм, қиыршық тас  өндіру, асфальт шығару (СК «Зайсан» және «ПМК Құрылыс» ЖШС-ң асфальт зауыттары), электр энергиясын өндіру, беру және тарату («ВК РЭК» ЖШС-і), суды жинау, өңдеу және тарату («Ақсуат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны) қызметтерінен құралады.

Өнеркәсіп өнімінің 1,5 есеге өсуі негізінен жолдарды асфальттау жұмыстарының артуына байланысты болып отыр.

Мысалы: 2022 жылы 16,2 шақырым жолға асфальт төселсе (Ырғызбай ата кесенесіне баратын 7 шақырым, Училище ауылына баратын 3 шақырым, Айналма жолға 1,3 шақырым, Қызылкесік-Аякөз бағытында 5,7 шақырым), 2023 жылы 45,1 шақырым жолға асфальт төсеу жұмыстары атқарылатын болады. (Қызылкесік-Аякөз бағытында 15 шақырым, Тана мырза ауылына кіреберіс 12 шақырым, Ырғызбай ата кесенесіне баратын 11 шақырым, Екпін ауылының көшесі 3,1 шақырым, Қызыл кесік ауылының көшесі 2,3 шақырым және Құмкөл ауылының көшесі 1,7 шақырым).

Нәтижесінде асфальт төселетін жолдың ұзындығының ұлғаюына байланысты қиыршық тас, асфальт өндіру көлемі де артады. 8-айдың қорытындысы бойынша қиыршық тас өндіру 1700 мың текше метрге, асфальт өндіру 6354 тоннаға өсті.

 

Негізгі капиталға салынған инвестициялар былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 3,2 есеге өсіп, 7 млрд 527 млн. теңге болды. Жоспар-тапсырма 8 пайызға артық орындалды.

Тартылған инвестицияның 20 пайызы бюджеттік қаражат есебінен болса, 80 пайызы жекеменшік қаражат есебінен. Былтырғы жылмен салыстырғанда бюджет қаражатынан тартылған инвестицияның өсу қарқыны 2,4 есе болса, жекеменшіктен тартылған инвестиция 5 есе өскен.

Бюджеттік инвестиция негізінен аудандағы атқарылып жатқан 3 ауылдағы су құбырын қайта жаңғырту, жолдарды орташа жөндеу жұмыстары, стадионды қайта жаңғырту мал қорымдарын салу және басқада ЖСҚ әзірлеу жұмыстарынан құралып отыр.

Жекеменшік инвестиция негізінен ауылшаруашылығын дамытуға -3,1 млрд теңге (мал бордақылау алаңдары, мал қоралары, асыл тұқымды малдарды күтіп ұстау шығынадары, техникалар алу), туризм саласын дамытуға -1,5 млрд, тұрғын үй құрылысына -984 млн теңге бағытталып отыр.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 4 млрд. 272,3 млн. теңгеге орындалып, былтырғы жылдың 8-айымен салыстырғанда 2,3 есеге өсті. Жоспар-тапсырма 71 пайызға артық орындалды. Атқарылған құрылыс жұмыстарының 25 пайызы бюджет қаражаты есебінен болса, 75 пайызы жекеменшік қаражат есебінен болды. Былтырғы жылдың месепті мерзімімен салыстырғанда бюджет қаражаты есебінен жүргізілген құрылыс жұмыстарының өсу қарқыны 76 пайыз болса, жекеменшік қаражат есебінен жүргізілген құрылыс жұмыстары 6,6 есе өскен.

Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 27 пайызға артып, 4038 шаршы метрді құрады. Жоспар-тапсырма 4,3 пайызға артық орындалды. Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен салынған тұрғын үйлер-32 пайыз болса, тұрғындардың жекеменшік қаражаты есебінен салынған тұрғын үйлердің үлесі 68 пайызды құрады. 2022 жылдың 8-айымен салыстырғанда бюджет қаражаты есебінен салынған тұрғын үйлер 5 пайызға өссе, жекеменшік қаражат есебінен салынған тұрғын үйлер 41 пайызға артқан.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 5 млрд. теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 2,2 есе болды. Берілген жоспар-тапсырма 100,1 пайызға орындалды. 

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 10 пайызға артып, 2271 бірлікті құрады. (Оның ішінде заңды тұлғалар-109, шаруа қожалықтары – 1294, жеке кәсіпкерлер саны – 868).  Немесе былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда жаңадан ашылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің  саны 198 бірлікке артқан.

Биылғы жылдың 8-айында жергілікті бюджетке 1 млрд. 632,7 млн теңге салық төленіп, меншікті кірістер жоспары 39 пайызға, былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 2,6 есеге артық орындалды.

Ауыл шаруашылығында өндірілген өнімнің  жалпы көлемі 23 млрд 5 млн. теңгеге жетіп, өсу қарқыны 112 пайыз болды. Жоспар-тапсырма 5,2 пайызға артық  орындалды.

Өздеріңіз білесіздер ауданымыздың экономикасы ауылшаруашылығына, оның ішінде мал шаруашылығына негізделген.

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өндірісімен 2 ЖШС, 1344 шаруа қожалығы және аудандағы 4736 үй шаруашылығы айналысады.

Аудандағы ірі қара 148 мың басқа, қой мен ешкі – 252 мың басқа, жылқы – 33 мың басқа жетіп, тиісінше ірі қара – 3 пайызға, қой-ешкі - 2 пайызға, жылқы – 11 пайызға көбейді.

Биылғы жылы ауыл шаруашылығы саласында бірқатар үлкен жұмыстар жоспарлануда. Атап айтқанда:

  1. «Агробизнес», «Іскер», «Ауыл аманаты» бағдарламалары бойынша 509,6 млн теңгеге 58 жобаны қаржыландыру және 194,1 млн. теңгеге 15 бірлік трактор және 7 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларының қосалқы жабдықтарын сатып алды. Несие қаражатын алу өткен жылмен салыстырғанда 103,7 пайызға өсті.
  2. Биылғы жылы ауданымызда суармалы егіс көлемі 8740 гектарға, яғни 4 пайызға ұлғайтылды.
  3. Мал шаруашылығындағы мал тұқымын асылдандыру бағытында ауданда біршама жұмыстар атқарылатын болады.

Атап айтқанда: Ірі қара малымен тұқымдық түрлендіру жұмыстарына барлығы 32 мың бас аналық ірі қара және 1600 бас асыл тұқымды етті бағыттағы бұқа малдары қатысады. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мемлекеттен 1 млрд. 600 млн. теңге көлемінде субсидия алу көзделуде.

  1. Аудан бойынша елді мекендердің жер телімі 107 мың 229 гектарды құрайды, оған қосымша ауыл тұрғындарының мал жайылымдығы үшін 53 мың 850 гектар жер телімі 20 жылға резервке қойылды.

2023 жылға жер қайтару бойынша берілген жоспар-тапсырма  49,0 мың гектар болса, бүгінгі күнге мемлекет қорына 64,6 мың гектар қайтарылып, жоспар тапсырма 126 пайызға орындалды.

 

Ақсуат ауылдық округі

 

 «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы негізінде:

- Ақсуат ауылындағы атауы жоқ (6,5 км) көшесін орташа жөндеу осы қыркүйек айында аяқталатын болады.

- Ақсуат ауылындағы орталық стадионның қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бөлінген қаражат көлемі 190 млн. 972 мың теңге. Келісім шарт бойынша қайта жаңғырту жұмыстары ағымдағы жылдың 26-шы қазанында аяқтау жоспарланған.

Одан басқа облыстық бюджеттен Қожагелді батыр атындағы орта мектебінің жанындағы интернат ғимаратына  ағымдағы жөндеуге 66,0 млн. теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар Қожакелді батыр атындағы мектеп «тірек мектебі» болып бекітіліп, оған «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арқылы бөлінген қаржыға STEМ-зертхана, робототехника, пән кабинеттері, ART-студия, мектепалды даярлық, бастауыш, музыка, алғашқы әскери дайындық, ағаш және металлб өңдеу , тігін шеберханалары жиыны 30 оқу кабенеттері және кітапхана, спортзал заманауй құралдармен жабдықталатын болады.

Ақсуат ауылынан 530,4 млн. теңгеге екі пәтерлі 17 үй сатып алынып, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына кезегіне қарай берілетін болады.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақсуат ауылының Ұранхаев, Қожамқұлов, Абылайхан, Байқыдыров көшелерінің бойынан ойын алаңдары мен шағын футбол алаңдарын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Одан басқа Жамбыл, Кәрібай, Абай, Молдабай көшелері бойынан балалар ойын алаңын жасауға конкурстық рәсімдер өткізілуде.

Ақсуат ауылында мал қорымын салуға 29 млн. 385,0 мың теңге бөлініп, жұмысы басталды.

Ақсуат ауылында су құбыры желілері бойынша ескі трасса мен  жаңа мөлтек аудандарға су құбыры желілерін тартуға ЖСҚ әзірленуде.

«Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша салынатын 300-орындық мектептің инженерлік желелеріне ЖСҚ әзірленуде. Оған аудан бюджетінен 8,7 млн теңге қаржы бөлінді.

Ақсуат ауылындағы тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан мөлтек аудандарға электр  желілері жүргізіліп, трансформаторы ауыстырылатын болады.

Ырғызбай, Сейфуллин, Абылайхан, Рысқұлов көшелерін айналма жолға қосу үшін тағанын көтеру, тегістеу жұмыстары атқарылатын болады.

Жамбыл көшесі бойындағы ескі терапия ғимаратының шатырын ағымдағы жөндеу жұмыстарына қажетті қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

 

 

 

 

 

Екпін ауылдық округі

Екпін ауылындағы көше жолын (3,1 км) орташа жөндеуге 115 млн. 519,5 мың теңге бөлінген. Жөндеу жұмыстарын аяқтау қыркүйек айының аяғына жоспарланған.

Екпін ауылынан салынатын мектептің инженерлік желелеріне ЖСҚ әзірленуде. Оған аудан бюджетінен 8,7 млн теңге қаржы бөлінді.

Екпін ауылында мал қорымын салуға 29 млн. 385,0 мың теңге бөлінді. Мердігер «Қазығұрт-Сервис» ЖШС-і жұмысты бастайтын болады.

Екпін ауылынан 30,6 млн. теңгеге 2 бір пәтерлі тұрғын үй сатып алынады.

Аққала және Екпін ауылдарында шағын футбол алаңдары орнатылады (20 млн теңге).

Екпін ауылынан 5,0 млн. теңгеге балалар ойын алаңы салынады.

Аққала ауылында 2 220,0 мың теңге көше жарығына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Екпін ауылының құрылысын дамыту схемасы (бас жоспардың оңайлатылған нұсқасы) әзірленуде (6 854,4 мың теңге). 

Екпін ауылында салынып жатқан мәдениет үйі сатып алынады (600,0 млн. теңге).

5,0 млн. теңгеге қатты тұрмыстық қалдықтарды төгетін орындарды қоршау жұмыстары жүргізілуде.

Аққала ауылындағы әуежайдың ұшу-қону жолағын және аэровокзал ғимаратын қайта жаңғырту үшін ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Көкжыра ауылдық округі

Серіктес ауылына су құбыры желілерін үйлердің қызыл сызығына жеткізу құрылысына – 116 млн. теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі күні тиісті мердігерлер анықталып, жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Көкжыра-Серіктес» аудандық маңызы бар 0-6 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеуге 28 млн. 265,4 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары аяқталды.

Көкжыра ауылында су құбыры желілерінің құрылысы (үйге жеткізу) ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысымен ЖСҚ әзірленуде (8,5 млн. теңге).

Көкжыра ауылындағы су құбырларын ағымдағы жөндеуден өткізілді. (13 млн. 284,7 мың теңге).

Көкжыра ауылында мал қорымын салуға ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысымен ЖСҚ әзірленуде.

Ескі Көкжыра ауылынан 11,1 млн. теңгеден шағын футбол алаңы және балалар ойын алаңы орнатылады.

Көкжыра ауылындағы саябақты абаттандыруға 20,5 млн. теңге қаржы бөлінді.

5,0 млн. теңгеге қатты тұрмыстық қалдықтарды төгетін орындарды қоршау жұмыстары жүргізілуде.

Көкжыра ауылындағы Базар өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпіріне 3,3 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Көкжыра ауылының құрылысын дамыту схемасы (бас жоспардың оңайлатылған нұсқасы) әзірленуде (7862,4 мың теңге).

Серіктес ауылындағы ұңғымаға 6,3 млн. теңгеге электр желісі жүргізіледі.

Көкжыра ауылындағы жаздық балалар лагерінің құрылысына ЖСҚ әзірленуде.

 

Сәтпаев ауылдық округі

Көктүбек ауылына су құбыры желілерін үйлердің қызыл сызығына жеткізу құрылысына – 390 млн. теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі күні тиісті мердігерлер анықталып, жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сәтпаев ауылында мал қорымын салуға ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысымен ЖСҚ әзірленуде.

Сұлутал ауылында су құбырының құрылысымен қайта жаңғырту жұмыстарына ЖСҚ әзірленуде.

Сәтпаев ауылында 10,0 млн. теңгеге шағын футбол алаңы орнатылады және 5,0 млн. теңгеге саябақ абаттандырылады.

5,0 млн. теңгеге қатты тұрмыстық қалдықтарды төгетін орындарды қоршау жұмыстары жүргізілуде.

Сатпаев ауылының құрылысын дамыту схемасы (бас жоспардың оңайлатылған нұсқасы) әзірленуде (4888,8 мың теңге).

Сатпаев ауылдық округ әкімі аппараты ғимаратына 2,8 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Көктүбек ауылынан 80 балалық мектеп құрылысына және С.Сейфуллин атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірленуде.

 

 

Ырғызбай ауылдық округі

Жантікей ауылында мал қорымын салуға ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысымен ЖСҚ әзірленуде.

Қожагелді ауылында су құбыры желілерінің құрылысы (үйге жеткізу) ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысымен ЖСҚ әзірленуде (8,5 млн. теңге).

5,0 млн. теңгеге қатты тұрмыстық қалдықтарды төгетін орындарды қоршау жұмыстары жүргізілуде.

Қожагелді ауылында 10,0 млн. теңгеге шағын футбол алаңы орнатылды.

Жантікей ауылының құрылысын дамыту схемасы (бас жоспардың оңайлатылған нұсқасы) әзірленуде (6451,2 мың. теңге).

Жәнтікей ауылдарында антенна-діңгек құрылыстарын салуға ведомстводан тыс сараптама алынуда.

Қ.Сәтпаев атындағы орта мектебі ғимаратына 1,3 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. (пандус, тактилді тақта, дыбыс белгісі, мүгедектерге арналған туалеттегі тұтқа орнату).

 

Кіндікті ауылдық округі

«Қарағанды-Аягөз-Боғас» - Кіндікті (342,4 млн. теңге) 0-12 шақырым жолын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 12-24 шақырым (631,8 млн. теңге) жолына жөндеу жұмыстары атқарылатын болады.

Кіндікті ауылдарында мал қорымын салуға ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысымен ЖСҚ әзірленуде.

Кіндікті ауылында су құбыры желілерінің құрылысы (үйге жеткізу) ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысымен ЖСҚ әзірленуде (8,5 млн. теңге).

Алғабас ауылында 7,0 млн. теңгеге балалар ойын алаңын орнатылады.

5,0 млн. теңгеге қатты тұрмыстық қалдықтарды төгетін орындарды қоршау жұмыстары жүргізілуде.

Кіндікті ауылында 10,0 млн. теңгеге шағын футбол алаңы орнатылды.

Кіндікті ауылының құрылысын дамыту схемасы (бас жоспардың оңайлатылған нұсқасы) әзірленуде (4536 мың. теңге).

«Қарағанды-Аягөз-Боғас» - Кіндікті автомобиль жолымен Боғас өзені арқылы өтетін көпірді күрделі жөндеуге ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысымен ЖСҚ әзірленуде (14,0 млн. теңге).

Кіндікті ауылында антенна-діңгек құрылыстарын салуға ведомстводан тыс сараптама алынуда.

Кіндікті мәдениет үйіне 17 847,8 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

 

Қызыл кесік ауылдық округі

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қызыл кесік ауылындағы орталық көше (2,3 км) жолын орташа жөндеуге 119 млн. 848 мың теңге бөлінді. Мердігер «СК «Зайсан» ЖШС-і. Жөндеу жұмыстары қыркүйек айында   басталатын болады.

Қызыл кесік ауылында мал қорымын салуға 29 млн. 385,0 мың теңге бөлінді. Мердігер «Қазығұрт-Сервис» ЖШС-і жұмысты бастайтын болады.

Үштөбе және Қызыл кесік ауылдарында 10,0 млн. теңгеден шағын футбол алаңдары орнатылады.

Үштөбе ауылында 10,0 млн. теңгеге көше жарықтары орнатылады.

5,0 млн. теңгеге қатты тұрмыстық қалдықтарды төгетін орындарды қоршау жұмыстары жүргізілуде.

Қызыл кесік ауылында 5 млн 172 мың теңгеге көше жарығы орнатылды.

Қызыл кесік ауылының құрылысын дамыту схемасы (бас жоспардың оңайлатылған нұсқасы) әзірленуде (6955,2 мың теңге).

Қызыл Кесік, Үштөбе ауылдарында антенна-діңгек құрылыстарын салу жобасына  ведомстводан тыс сараптама алынуда.

«Үштөбе ауылына кіреберіс» көпірге 11 млн 655,3 мың теңгенің жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қызыл кесік ауылындағы мәдениет үйін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Би Боранбай атындағы орта мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында - химия кабинетін сатып алу қарастырылып отыр.

 

Ойшілік ауылдық округі

«Тана мырза ауылына кіреберіс» аудандық маңызы бар 0-12 шақырым автомобиль жолына 373,4 млн. теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Танамырза ауылына су құбыры желілерін үйлердің қызыл сызығына жеткізу құрылысына – 278 млн. теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі күні тиісті мердігерлер анықталып, жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

Ойшілік ауылында мал қорымын салуға ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысымен ЖСҚ әзірленуде.

Танамырза ауылында 10,0 млн. теңгеге шағын футбол алаңы орнатылады.

Ойшілік ауылында 9,8 млн. теңгеге саябақ абаттандырылады және 6,0 млн. теңгеге балалар ойын алаңы орнатылады.

5,0 млн. теңгеге қатты тұрмыстық қалдықтарды төгетін орындарды қоршау жұмыстары жүргізілуде.

Ойшілік ауылының құрылысын дамыту схемасы (бас жоспардың оңайлатылған нұсқасы) әзірленуде (5 796 мың теңге).

Ойшілік ауылдық округі Есім ауылы маңындағы аудандық автожолда, Қарғыба өзені бойына көпір салу (13 796,2 мың теңге) жұмысын жүргізуге және Тебіске өзені бойында орналасқан көпірге қайта жаңғыртуға (21 111,4 мың теңге) ЖСҚ әзірленуде.

Тоғас батыр атындағы орта мектеп ғимаратын қоршау және абаттандыру (35 млн. теңге) жұмыстары жүргізілді және  мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында - химия кабинетін сатып алу қарастырылып отыр.

 

Құмкөл ауылдық округі

Құмкөл ауылында мал қорымын салуға 29 млн. 385,0 мың теңге бөлінді. Мердігер «Қазығұрт-Сервис» ЖШС-і жұмысты бастайтын болады.

Құмкөл ауылындағы көше жолдарына 68 млн 950 мың теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қызыл жұлдыз ауылында су құбыры желілерінің құрылысы (үйге жеткізу) ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысымен ЖСҚ әзірленуде (8,5 млн. теңге).

Қарғыба ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту (үйлерге жеткізу) құрылысының ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысымен ЖСҚ әзірленуде (8507 мың теңге).

Қарғыба ауылында 10,0 млн. теңгеге щағын футбол алаңы орнатылады.

Құмкөл ауылында 12,0 млн. теңгеге саябақ абаттандырылады.

Қарғыба ауылында 9 млн 188,5 мың теңгеге көше жарығы орнатылды.

5,0 млн. теңгеге қатты тұрмыстық қалдықтарды төгетін орындарды қоршау жұмыстары жүргізілуде.

Құмкөл ауылының құрылысын дамыту схемасы (бас жоспардың оңайлатылған нұсқасы)  әзірленуде (5 997,6 мың теңге).

Гагарин атындағы орта мектебінің жылу қазандығымен жылу жүйесіне (17 млн. теңге) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сасан Би атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірленуде және және  мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында - физика кабинетін сатып алу қарастырылып отыр.

 

Дата публикации
06 сентября 2023
Дата обновления
06 сентября 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Төтенше жағдай қызметі хабарлайды
14 сентября 2026
Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі
Ақпарат
11 сентября 2026
2026 жылдың 6 айында Ақсуат ауданы әкімінің аппаратына барлығы 294 өтініш келіп түсті.
11 сентября 2026
Ақсуат ауданында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында білім беру саласында атқарылған жұмыстар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы