2026 жылғы 6 ақпан күні аудандық кітапхананың акт залында Ақсуат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік сайлау күніне орай сайлау комиссияларында жұмыс істеуге қызығушылықты арттыру және комиссиялар құрамының сабақтастығы мен жаңаруын қамтамасыз ету мақсатында “Сайлау комиссиясының мүшесі болу” тақырыбында ашық кездесу өткізілді.
Кездесуге аудандық мәслихаттың аппарат басшысы, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы, “AMANAT” партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы, “Ардагерлер кеңесі” ҚБ төрағасы, “Өнерді қолдау” ҚБ төрағасы, “Аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымы” ҚБ төрағасы және сайлау комиссиясының құрамына кіруге қызығушылық танытқан ауыл тұрғындары қатысты.
Кездесу соңында сайлау комиссиясының құрамына кіру туралы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі ұсынымдары түсіндірілді және қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.