" Дүниежүзілік сайлау күні: сайлаушы сенімі – басты назарда»*
2026 жылғы 2 ақпан күні Ақсуат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік сайлау күніне орай жастардың сайлауға қатысуы мен сенімін арттыру бойынша практикалық идеялар әзірлейтін диалог құру мақсатында *“Әділ сайлау: Z буынының көзқарасы "* жастар зертханасы өткізілді. Шараға учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, ауылдық округ әкімі аппаратындағы жастар ісі жөніндегі мамандар, ауыл жастары және орта мектепдердің мектеп Парламенті президенттері , жоғары сынып оқушылар қатысты.
Жастар тарапынан тақырыпқа арқау болатын видеосұхбаттар дайындалып, "Жастар және Қоғам" презентациясы қорғалды. Ашық алаң "Неге жастар сайлауға бармайды? -сенімнің төмендегі ме әлде саяси сауаттың жеткіліксіздігі ме?, Сайлауға деген сенімсіздіктің себебі неде? -қоғамдық бақылаудың әлсіздігі ме ? әлде дауыс нәтижелеріне күмән ба?, "Жастардың қатысуының қандай форматтары нақты жұмыс істейді?"деген блоктарға бөлініп, талдаулар жасалды.
Шара соңында белсенді қатысқан жастарға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы атынан алғыс хат табыс етіліп, “Ұлы Абайдың қара сөздері” кітапшасы тарту етілді.