ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

 

2025 жылдың 14 желтоқсан күні Ақсуат ауданы, Қызыл кесік ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақсуат ауданы, Қызыл кесік ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

 

Қызыл кесік ауылдық сайлау округі

Қызыл кесік ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1237 азамат енгізілді, олардың 755-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны–8, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-13.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Кабдолов Адилбек Калибекович – 620; Нұржақиев Берік Серікұлы – 55; Сыдыков Медет Толеубекович – 59.

Қызыл кесік ауылдық округінің әкімі болып Кабдолов Адилбек Калибекович сайланды, 1984 жылы туған, Қызыл кесік ауылдық округі ветеринариалық пунктінде мал дәрігері, Қызыл кесік ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Ақсуат аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-11 бабына сәйкес, 2025 жылғы 15 желотқсандағы  шешімімен Ақсуат ауданы Қызыл кесік ауылдық округі әкімі болып сайланған – Кабдолов Адилбек Калибекович тіркелді.

 

Ақсуат ауданының

аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
15 декабря 2025