Абай облысы Ақсуат ауданы Қызыл кесік ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну туралы ақпарат
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 5 қарашадағы № 01-03/33 қаулысымен 2025 жылғы 14 желтоқсанға Абай облысы, Ақсуат ауданы, Қызыл кесік ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.
2025 жылдың 6 қарашасынан бастап ауылдық округ әкімдігіне кандидаттар ұсыну басталды. Ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ егер ұсыну мерзімі аяқталған күнге екеуден аз кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
2025 жылдың 18 қарашадағы жағдай бойынша 4 кандидат ұсынылды.
4 кандидат өзін-өзі ұсынды.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 18 қарашада сағат 18:00-де аяқталды.
Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы