|
р/б № |
Атауы |
Мәлімет |
|
1 |
2 |
3 |
|
1 |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«Ақсуат ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы»
|
|
2 |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
«Абай облысы Ақсуат ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
|
3 |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) |
2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726 бабы |
|
4 |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726 бабына сәйкес, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, есепті салық кезеңіне салық төлеушінің салықты дербес қолдануы арқылы оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданған кезде корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу ставкасы 4 пайыздан 3 пайызға төмендету көзделген. |
|
5 |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданған жағдайда салық мөлшерлемесінің төмендеуі шағын және орта бизнесті дамытуға, кәсіпкерлердің салықтық жүктемесін азайтуға ықпал етеді. |
|
6 |
НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар |
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және өзге де салдарларға әкеп соқпайды. |