Абай облысы
Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Ақсуат ауданы Қызыл Кесік ауылдық округі
әкімінің сайлауын тағайындау туралы
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ақсуат ауданының Қызыл Кесік ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 14 желтоқсанға тағайындалсын.
- 2025 жылғы 14 желтоқсанға тағайындалған Ақсуат ауданының Қызыл Кесік ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Тарбағатай» газетінде жариялансын.
Сайлау комиссиясы төрағасының
орынбасары К.Нурбаев
Сайлау комиссиясының хатшысы Н.Ахметова
Ақсуат ауылы
2025 жылғы 05 қараша
№01-03/33