Ақсуат ауданы мәслихатының 2023 жылғы 23 мамырдағы № 4/14-VIII «Ақсуат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және                       жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 Жоба

 Ақсуат ауданы мәслихатының 2023 жылғы 23 мамырдағы № 4/14-VIII «Ақсуат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және                       жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

Ақсуат аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақсуат ауданы мәслихатының «Ақсуат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» 2023 жылғы 23 мамырдағы № 4/14-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 88-18 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасының 5-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

          «5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 2025 жылы 13 (он үш) айлық есептік көрсеткіш, 2026 жылы 14 (он төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

                             

 

         

    

 

 

 

 

  2023 жылғы 23 мамырдағы

         № 4/14-VIII  шешіміне          

                        қосымща

 

 

     

 

Ақсуат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін      қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері

1.Жалпы ережелер

  1. Осы тәртіп «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Заңына сәйкес әзірленеді және Ақсуат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
  2. Әлеуметтік қолдауды тағайындауға уәкілетті орган – «Абай облысы Ақсуат ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

2.Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері

  1. Ақсуат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде, екінші деңгейлі банктер бөлімшелері арқылы көрсетіледі.
  2. Әлеуметтік қолдау Ақсуат ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі.
  3. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 2025 жылы 13 (он үш) айлық есептік көрсеткіш, 2026 жылы 14 (он төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.




 

Дата публикации
08 сентября 2025