Ақсуат ауданының
аумақтық сайлау комиссиясының
2025 жылғы «27» тамыздағы
№01-03/24 қаулысына қосымша
2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған,
Ақсуат ауданының маслихатының шығып қалған депутаттың
орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
Күнтізбелік жоспары
|
1. Сайлау округінің тізімін, оның шекарасы мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей, 2025 жылғы 6 қыркүйектен кешіктірмей (22-б. 2-т., 2-1-т.14-б.6-т.)
|
|
2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей, 2025 жылғы 6 қыркүйектен кешіктірмей (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)
|
|
3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Ақсуат ауданының әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде, 2025 жылғы 11 қыркүйектен кешіктірмей (23-б. 5-т.)
|
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде, 2025 жылғы 11 қыркүйектен кешіктірмей (17-б. 2-т.)
|
|
5. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну
|
|
|
|
Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және саяси партияның, өзге де қоғамдық бірлестіктің тиісті филиалының (өкілдігінің), жоғары басшы органы 2025 жылғы 27 тамызда басталады және 25 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 18-00-де аяқталады
(103-б.)
|
|
6. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін (102-б., 103-б. 6-т.)
|
|
7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күні) |
|
|
|
Кандидат және оның зайыбы (жұбайы) Тіркелгенге дейін (104-б. 2-т.)
|
|
8. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Дауыс беру күнінен алпыс күн бұрын басталады және сайлау күніне жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады
2025 жылғы 27 тамызда басталады және 30 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 18-00-де аяқталады
(104-б)
|
|
9. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы аудандық сайлау комиссиясына ұсыну |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде (104-б. 5-т.)
|
|
10. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей
(104-б. 6-1-т. 1-тт., 16-1 б. 6) т.)
|
|
11. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін (16-1-б, 6) тт., 31-б.)
|
|
12. Кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде (104-б. 2-т.)
|
|
13. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Кандидат тіркелгеннен кейін (жүгінген кезде) (34-б. 6-т.)
|
|
14. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Айына екі рет
|
|
15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру |
|
|
|
Ақсуат ауданының әкімдігі және Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін, 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін (28-б. 6-т.)
|
|
16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша 00.00 сағатта аяқталады 2025 жылғы 30 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша 18-00 сағаттан кейін басталады және 2025 жылғы 25 қазанда жергілікті уақыт бойынша 00.00 сағатта аяқталады
(27-б. 2-т.)
|
|
17. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Ақсуат ауданының әкімдігі және Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.)
|
|
18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Ақсуат ауданының әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын, 2025 жылғы 5 қазан (26-1 б. 1-т.)
|
|
19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда, 2025 жылғы 10 қазаннан бастап (26-б. 1-т.)
|
|
20. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей, 2025 жылғы 15 қазанға дейін (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)
|
|
21. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу |
|
|
|
Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей, 2025 жылғы 23 қазаннан ерте емес және 25 қазаннан кешіктірмей (37-б. 3-т.) |
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2025 жылғы 26 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де, (40-б. 1-т.)
|
|
23. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Сайлау күні, 2025 жылғы 26 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін
(38-б. 1-т.)
|
|
24. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы 2025 жылғы 26 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады және дауыстарды санау басталғаннан бастап 12 сағаттан аспайды (18-б. 8) т., 43-б.)
|
|
25. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.)
|
|
26. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы округтік сайлау комиссиясына ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (108-б. 1-т.)
|
|
27. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (108-б. 1-т.)
|
|
28. Ақсуат ауданының мәслихаты депутатының сайлау қорытындыларын анықтау |
|
|
|
Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен кешіктірмей, 2025 жылғы 27 қазаннан кешіктірмей
(108-б. 2-т.)
|
|
29. Ақсуат ауданының мәслихатының шығып қалған депутаты орнына сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей, 2025 жылғы 1 қарашадан кешіктірмей
(14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)
|
|
30. Ақсуат ауданының маслихатынының шығып қалған депутаты орнына сайланған депутатты тіркеу және куәлік пен төсбелгі тапсыру |
|
|
|
Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы
(14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)
|
|
31. Сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері мен сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
|
|
|
|
Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн бес күн ішінде (34-б. 4-т.) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларының (ҚР ОСК 1999 жылғы 7 тамыздағы №19/222 қаулысы) нормаларына сілтемелер берілді.