№ 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Ақсуат аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

№ 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Ақсуат аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. № 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Ақсуат аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалсын.
  2. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2025 жылғы 27 тамыздан 25 қыркүйекке дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін белгіленсін.
  3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған, Ақсуат аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Осы қаулы «Тарбағатай» аудандық газетінде және Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

Төраға                                                                        Ғ.Закариянов

Хатшы                                                                        Н.Ахметова

 

Ақсуат ауылы

2025 жылғы 27 тамыз

№ 01-03/24

Дата публикации
27 августа 2025