Ақсуат ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы

Ақсуат ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы

 

      Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" Заңының 8 бабы 1 тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Ақсуат аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақсуат ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары қоса берілген 1, 2, 3, 4 және 5 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

Ақсуат ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Ақсуат ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары (бұдан әрі – Жоспар) «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 4-1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
  2. Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа деген қажеттілікті орнықты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болдырмау мақсатында қабылданады.

 

2-тарау. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар

  1. Жоспарды әзірлеген кезде мыналар ескеріледі:

       1) осы Жоспарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өңірдің жер балансының және мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесінің деректері.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген деректерді қалыптастыру кезінде жерлердің болуы, олардың санаттар, жер учаскелерінің меншік иелері, жер пайдаланушылар мен алқаптар бойынша бөлінуі туралы ресми статистикалық ақпарат және мемлекеттік жер кадастры ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтер пайдаланылады;

       2) осы Жоспарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау мәліметтері.

       Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген деректерді қалыптастыру кезінде «Қазақстан Республикасы табиғи жем-шөп алқаптарының ірі масштабты (1:1 000 – 1:100 000) геоботаникалық іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 3 қазандағы № 314 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30043 болып тіркелген) сәйкес жүргізілетін жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау нәтижелері пайдаланылады;

       3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 35 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19987 болып тіркелген) бекітілген Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған мал қорымдары (биометриялық шұңқырлар) туралы мәліметтер;

       4) осы Жоспарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жайылымдық инфрақұрылым объектілері туралы және ауыл шаруашылығы жануарларын айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген деректерді қалыптастыруды ауданның (қалалардағы аудандарды қоспағанда), аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп облыстардың жергілікті атқарушы органдары әзірлеген жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспар негізінде жүзеге асырады;

       5) осы Жоспарға 4-қосымшаның 1-кестесіне сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін көрсете отырып, оларды сәйкестендіру дерекқорынан алынған ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны туралы деректер;

       6) осы Жоспарға 4-қосымшаның 2-кестесіне сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді қалыптастыруды ауданның (қалалардағы аудандарды қоспағанда), облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп жүзеге асырады;

       7) осы Жоспарға 4-қосымшаның 3-кестесіне сәйкес нысан бойынша шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны туралы мәліметтер.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген деректерді қалыптастыруды ауданның (қалалардағы аудандарды қоспағанда), облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп жүзеге асырады;

      8) екпе және аридтік жайылымдарда, орман, су қорлары мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері туралы деректер.

       Жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20540 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидалары негізінде «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 4-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) бекітетін ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

       Орман, су қорлары және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 99-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 18-02/909 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12259 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларына, Қазақстан Республикасы Су кодексінің 95, 119, 125-баптарына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23, 40, 43, 47, 48, 52, 69-баптарына сәйкес жүзеге асырылады;

       9) осы Жоспарға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылатын жайылым айналымдарының схемалары;

      10) мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы статистикасы бойынша ресми статистикалық ақпарат.

  1. Жоспарда мынадай қосымшалар қамтылған:

      1) әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың жер санаттары бөлінісінде орналасу схемасы (картасы), онда жайылымдардың шекаралары, алаңдары мен түрлері, оның ішінде шалғайдағы, маусымдық, құрғақ және екпе жайылымдар, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының негізінде олардың меншік иелері немесе жер пайдаланушылар туралы мәліметтер көрсетіледі;

      2) жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халықтың мұқтаждығына арналған жайылымдар, оның ішінде қоғамдық жайылымдар белгіленген схема (карта), онда жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халықтың мұқтаждығына арналған жайылымдардың, оның ішінде қоғамдық жайылымдардың шекаралары мен алаңдары көрсетіледі;

      3) ауыл шаруашылығы жануарларын айдауға арналған сервитуттар, мал айдайтын трассалар және жайылымдық инфрақұрылымның өзге де объектілері, сондай-ақ мал қорымдары (биометриялық шұңқырлар) белгіленетін схема (карта), онда ауыл шаруашылығы жануарларын айдауға арналған сервитуттар, мал айдайтын трассалар, жайылымдық инфрақұрылым объектілері, мал қорымдарының (биометриялық шұңқырлардың) орналасқан жері көрсетіледі;

      4) жайылымды пайдаланушыларға жер пайдалануға берілуі мүмкін жайылымдар белгіленген схема (карта).

       Ауыл шаруашылығы мұқтаждары үшін меншікке немесе жер пайдалануға босалқы жерлерді беру Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 138-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18048 болып тіркелген) бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;

      5) халықтың жеке ауласындағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю жөніндегі мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатында резервке алынуға жататын жайылымдарды белгілейтін схема (карта), онда жеке ауланың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю жөніндегі халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатында резервке алынуға жататын жайылымдардың шекаралары мен алаңдары көрсетіледі.

       Жерлерді резервте қалдыру Кодекстің 49-2-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 178 бұйрығымен бекітілген Жерлерді резервте қалдыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11337 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады;

      6) суды тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, қазандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахта құдықтарына) қол жеткізу схемасы, онда жануарлардың су көздеріне қарай жүріп-тұру маршруттары көрсетіледі.

       Ауыл шаруашылығы жануарларының орташа тәуліктік су тұтынуы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 545 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14827 болып тіркелген) бекітілген Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістемеге 6-қосымшаның 10-кестесіне сәйкес айқындалады;

      7) ауыл шаруашылығы жануарларының басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы, онда ауыл шаруашылығы жануарларының басын орналастыруға арналған шалғайдағы жайылымдардың шекаралары мен алаңдары көрсетіледі;

      8) ауылдық округке кіретін ауылдық елді мекендер арасында жайылымдарды жобалық бөлу (қайта бөлу), онда жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының басы үшін ауылдық округтің ауылдық елді мекендері арасында жайылымдарды бөлу (қайта бөлу) схемасы көрсетіледі;

      9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жайылымдарды ұтымды пайдалану үшін қажетті талаптар:

       «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) сәйкес жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын сақтау;

      жайылым айналымын және суды пайдалану көздерін ескере отырып жайылымдарды пайдалану;

      жайылым алаңдарын жекеленген өріс учаскелеріне бөлу;

      жайылым учаскелерін жыл маусымдары бойынша кеңістікте және уақытпен (маусым, жыл ішінде) кезектестіру;

      жайылым айналымы учаскелерінің бірін жайылымсыз және ауыл шаруашылығы жануарларынсыз жыл сайын қалдыру.

Дата публикации
14 июля 2025