Биылғы жылы екінші рет ұйымдастырылып жатқан 2025 – 2026 оқу жылына арналған қазан - мамыр айлары аралығында 14 спорт түрінен Ақсуат ауданының мектеп мұғалімдері арасындағы спартакиада ойындары басталды. Ақсуат ауданы мектептерінің мұғалімдері арасында өтетін спартакиада ойындарының мақсаты: Аудан аумағындағы мектептер арасындағы келісімді және достықты нығайту. Мектеп мұғалімдері арасында спорттық тәжірибе алмасу және мұғалімдердің спорт саласы бойынша рейтингін жасақтау болып табылады.
Осыған байланысты асық ату, шағын футбол, волейбол, үстел тенниісі спорт түрлерінен ауданның мектеп мұғалімдері арасындағы спартакиада ойындары өткізілді. Алдағы уақытта спорт саласы бойынша 1 ғылыми жобаны қорғау және спорттың 9 түрінен жарыстар өткізілетін болады
