Абай облысы Ақсуат ауданы Сатпаев ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну туралы ақпарат

Абай облысы Ақсуат ауданы  Сатпаев ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну туралы ақпарат

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 14 мамырдағы шешімімен   2025 жылғы 22 маусымға  Абай облысы, Ақсуат ауданы, Сатпаев ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.

2025 жылдың 15 мамырынан бастап ауылдық округ әкімдігіне кандидаттар ұсыну басталды. Ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ  егер ұсыну мерзімі аяқталған күнге екеуден аз кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.

2025 жылдың 27 мамырдағы  жағдай бойынша  4 кандидат ұсынылды.

3 кандидат өзін-өзі ұсынды, 1 кандидат - «AMANAT» партиясынан ұсынылды.

Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 27 мамырда  сағат 18:00-де аяқталды.

Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
28 мая 2025