Абай облысы Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

Ақсуат ауданы Сатпаев ауылдық округі

әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

 

 

         “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан  Республикасының  Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақсуат ауданының Сатпаев ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 22 маусымға тағайындалсын.       
  2. 2025 жылғы 22 маусымға тағайындалған Ақсуат ауданының Сатпаев ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Тарбағатай» газетінде жариялансын.

 

 

Сайлау

комиссиясының төрағасы                                               Ғ. Закариянов

 

Сайлау

комиссиясының хатшысы                                               Н. Ахметова

 

 14.05.205 № 19

 

Дата публикации
14 мая 2025