Ақсуат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды

              «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының  1-тармағына сәйкес, 2025 жылғы 4 мамырда өткен Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындысы негізінде, Ақсуат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 5 мамыр 2025 жылғы шешімімен 31.03.1976  жылы туған, «Ақсуат ауданы әкімі аппараты» ММ жалпы бөлімінің бас маманы  Рахымжанов Талант Кабкешович Абай облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.

Дата публикации
06 мая 2025