Ауданның ішкі саясат мәселелері жөніндегі ақпарат

Ауданның ішкі саясат мәселелері жөніндегі ақпарат

І. АҚПАРАТТЫҚ НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ

         Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген міндеттер мемлекетіміздің алдағы кезеңдегі дамуының басты бағыт - бағдарын анықтайтын саяси маңызы зор құжаттар ретінде жүйелі түрде насихаттау аудандық ішкі саясат бөлімінің негізгі міндеті болып табылады.

         Ағымдағы жылдың 8 қыркүйек күні Президент Жолдауына байланысты аудандағы «Аманат» партиясының филиалында мекеме, бөлім басшыларының қатысуымен талдау өткізілді. Онда Жолдауды жүзеге асырудың іс–шаралары және ақпараттық қолдаудың медиа – жоспарлары аудан әкімімен бекітіліп, аудандық мекеме бөлімдерге, ауылдық округ әкімдеріне таратылып берілді.

         Жоспарда Жолдауда атап көрсетілген басым бағыттар туралы сала басшылары аудандық «Тарбағатай» гезетіне, әлеуметтік желілерде атқарылған жұмыстары туралы жариялап келеді. Жолдауда көрсетілген 6 бағытта ақпараттық 3 топ құрылып, 15 адам жұмыс істеуде. Топ құрамына жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері, қоғамдық пікір иелері, белсенді жастар тартылған.

         Жолдауды ақпараттық қолдаудың медиа - жоспарына сәйкес, аудандық «Тарбағатай» газеті арқылы мемлекеттік тапсырыс есебінен жүзеге асырылуда. Жолдауға байланысты тұрақты түрде мақалалар мен сұхбаттар, пікірлер жарияланып келеді. Жолдаудың толық мәтіні аудандық «Тарбағатай» газетінде жарияланды.

         Насихат пен түсіндіру жұмыстарына саяси партиялар мен азаматтық қоғам өкілдері де қамтылған. Олар аудандағы қоғамдық - саяси ахуалдың тұрақты болуына өздерінің ықпалдарын тигізіп келеді. Ауданның саяси ахуалын бағалауда Жастар орталығының жанынан құрылған SMM тобы аудандағы қоғамдық пікірлерге мориторинг жүргізіп отырады. Атап айтқанда, 2025 жылдың ІІ жартыжылдығынан бастап әлеуметтік желіге жарияланған мақалаларға талдау жасалынып, аудан әкіміне ұсынылып келеді. Аудан бойынша бүгінгі күні ауданның әлеуметтік желілерінде 16821 адам тіркеліп, жарияланған мақалаларды 8730 адам оқып, өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстар жасалған. Көтерілген мәселелерге байланысты қадағалау жұмыстарын жүргізіліп, тиісті аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме, сала басшылары, ауыл әкімдері дер кезінде жауап беріп отырады. Сонымен қатар, ауданымыздағы 9 ауылдық округ тұрғындары арасында, ауданның қоғамдық-саяси ахуалына талдаулар жасалып, тоқсан сайын қорытындысы шығарылып отырады. Алайда, қоғамдық ұйымдар, денсаулық сақтау, білім беру, халыққа қызмет көрсету саласының жұмыстарын зерделеуде кемшіліктер бар.

         Қоғамдық пікірді жеткізуде негізінен дәстүрлі бағыт яғни, мерзімді басылымдар арқылы жүзеге асырылады. Ақпараттық кезеңде әлеуметтік желілердің ықпал арта түскен. Осыған сәйкес, аудан тұрғындарының арасында әлеуметтік желілерде белсенді азаматтар да бар. Әртүрлі бағытта аудан әкмдігінің әлеуметтік желілерінде жазылған коментарийлер мен посттарға алгоритм бойынша екі сағат ішінде кері байланыс орнатылып, тиісті бөлім, мекеме тарапынан жауаптар қайтарылады. Аудандағы уатсап топтары, әлеуметтік желілер аудандық ішкі саясат бөлімінің назарында. Қоғамға кереғар пікірлер қалыптастырып, тұрақсыздық тудыруды көздейтін іс-әрекеттерге қауіпсіздік органдарымен өзара іс-қимылда жауап беріліп, тиісті жұмыстар атқарылып отырады.

         ІІ. ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ

         Аудандағы қоғамдық - саяси үрдістер мен тұрғын халықтықтың көңіл күйіне үнемі мониторинг жүргізіліп келеді. Осы мақсатта 2025 жылы ішкі саясат бөлімі тоқсан сайын сауалнама жүргізіп отырды. Сонымен қатар әлеуметтік желілерге мониторинг жасау үшін әр ауылдық округтерден мамандар бекітіліп, сараптамалар жүгізіліп отырады. Сараптамалар негізінен аудандағы қоғамдық - саяси ахуалдың жайы, үкіметтік емес ұйымдардың даму болашағы, аудан жастардың өзекті мәселелері сияқты бағыттар бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, тиісті шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар берілуде.

         Жалпы жүргізілген сауалнамалар қорытындылары бойынша тұрғындар тарапынан ешқандай наразылықтар мен келіспеушіліктер байқалмады. Аудан халқының басым бөлігі елімізде жүргізіліп отырған мемлекеттік бағытты қолдайтындығы анықталды.

         Абай облыстық өңірілік коммункациялық орталығына аудан әкімі 2025 жылы Ескендіров Ерсін Кәдірбекұлы 3 рет журналисттерге брифинг өткізіп, сұхбат берді.

         Сондай-ақ, өңірілік коммункациялық орталығына апта сайын аудан жаңалықтары мен ақпараттары жолданып, күнделікті мәліметтер беріліп отырады.

 

Сонымен қатар, апта сайын облыс әкімдігінің әлеуметтік желілеріне ауданда атқарылған жұмыстар облыс әкімдігінің Фейсбук, Телеграм парақшаларында шығарылып келеді.

         Ауданның тыныс-тіршілігі туралы облыстық «Семей ТВ» телеарнасына-16, республикалық «Қазақстан» телеарнасына - 3, «Хабар» телеарнасына -8 ауданда атқарылып жатқан жұмыстар туралы сюджет шығарылса, «Егемен Қазақстан» газетіне аудан туралы көлемді мақала, облыстық «Семей таңы» газетінің «Аймақ тынысы» рубрикасында апта сайын аудан ақпараттары шығарылды.

         Ал, аудандық «Тарбағатай» газетінде «Жолдауға –қолдау», «Қоғамдық пікір», «Тәуелсіздік толғаулары», «Әділетті Қазақстан», «Әлеумет, «Саясат», «Заң» «Аймақ тынысы», «Ауыл шаруашылығы», «Кәсіпкерлік», «Еңбек адамы», «Білім мен тәртіп», «Сақтаңсаң – сақтайды», «Бала тәрбиесі - ортақ іс», «Ауыл- түлік қауіпсіздігі», «Отбасы мен мектеп», «Сырт - көз сыншы», «Мәселенің мәнісі», «Ардагерлерді - ардақтайды», «Ұлағат», «Әкім әңгімелейді», «Қамқорлық», «Еңбек- елге танытады», «Мерейлі мезет» сияқты тағы басқа да айдарлар ашылып, апта сайын түрлі көлемдегі мақалалар жариялануда.

         Ауданда 2025 жылдың ІІ жартыжылдығына баспасөзге жазылу науқаны аяқталды.

         Атап айтсақ, республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне -203 данаға жазылып, 59,5 пайыз, облыстық «Семей таңы» газетіне 736 данаға жазылып, 49,4 пайыз, аудандық «Тарбағатай» газетіне 1402 данаға жазылып, 57,03 пайызға орындалды.

         ІІІ. АУДАНДАҒЫ ДІНИ АХУАЛ

         Ақсуат ауданында 1 конфессияны білдіретін 7 діни бірлестік тіркелген: 1 - исламдық,

 7 діни ғимарат тіркелді анықтама: 7 – мешіт

 6 намазхана.

         Ақсуат аудан аумағында миссионерлер жоқ, 1 конфессияны білдіретін 7 діни бірлестік тіркелген.

 

Ақсуат ауданы бойынша диструктивті діни ағымын ұстанғандар жоқ.

         Діни эктремизмнің алдын алу, мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын насихаттау және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіледі.

         Мемлекеттiк конфессионалдық қатынастар негiздерiн түсiндiру, дiни экстремизмнiң алдын алу, ауданда құқықтық және дiни сауаттылықты арттыру мақсатында, құрамында 9 адам бар 1 дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсiндiру топтары кешендi жұмыстарды жүргізуде.

         Интернет-кеңістіктің мониторингі барысында деструктивті сипаттағы материал анықталған жоқ.

         Ағымдағы жылдың 2025 жылы Ақсуат аудан әкімшілік құқық бұзушылықтар орын алған жоқ.

         Жалпы, Ақсуат ауданында діни ахуал тұрақты. Діни негізде қақтығыстар байқалмады. Өңірде діни қатынастар саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат рухани-адамгершілік ахуалды тұрақтандыруға, толерантты сананы қалыптастыруға, діни төзімділік негіздерін нығайтуға, әртүрлі ұлттар мен түрлі діндердегі адамдардың өзара түсіністігін нығайтуға ықпал етеді.

         Тыныштық атмосферасын сақтауда мемлекеттік органдардың дін саласындағы біріктіруші рөлі, діни бірлестіктер басшыларының дін саласындағы мемлекеттік саясатқа сындарлы ұстанымы басты рөл атқарды. 

ІV . САЯСИ ЖОСПАРЛАУ

         Жалпы жыл көлемінде өткізілген мемлекеттік мерекелер Жаңа жыл, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, Қазақстан халықтарының бірлігі, Отан қорғаушылар, Ұлы Жеңіс күндері, Республика күні мерекелерін өткізуге байланысты арнайы жоспарлар жасалып, жоғарғы танымдық дәрежеде ұйымдастырылды.

         Наурыз айының 19 - 22 күндері аралығында барлық ауылдық округтерде Ұлыстың ұлы күні мерекесіне байланысты мәдени - көпшілік, спорттық шаралар ұйымдастырылды. Ұлттық салт - дәстүрімізді насихатау мақсатында арнайы киіз үйлер құрылып, ұлттық тағамдар халыққа ұсынылды. Театрландырылған арнайы көріністер қойылды.

         Ұлттық спорт ойындары бойынша ат жарыстары, арқан тарту, күрес, тоғыз құмалақ, қаражорға биінен жарыстар ұйымдастырылды.

         Аудандағы барлық мектептерде «ҚР Тәуелсіздік жылдары ішіндегі жетістіктері», «Тәуелсіздіктің дара жолы», «Жаңа технологиялар -Тәуелсіз Қазақстанның жетістігі», «Жаңа және озық технологиялар» атты тақырыптарда апталықтар жарияланып, түрлі шаралар өткізілді. Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне арналған көрмелер ұйымдастырылды.

         1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі мейрамына байланысты барлық ауылдық округтерде және аудан орталығында мерекелік шаралар өткізілді. Әр ұлттың үздік әндері шырқалды. Мереке кезінде мерекелік сауда-саттық, арзандатылған ауылшаруашылық тағамдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мерекеге байланысты арнайы спорттық жарыстар, жастардың би кештері ұйымдастырылды.

         Отан қорғаушылар күніне орай орталық алаңда әскерге шақырылушы жас сарбаздар арасында әскери бессайыс және патриоттық әндерден конурс ұйымдастырылды.

         Ұлы Жеңіс мерекесіне байланысты салтанатты шара «Белгісіз солдат» ескерткішінің басына аудандық мекеме, бөлімдердің гүл шоқтарын қоюынан басталды. Сондай-ақ, ескерткіш басында соғыста қаза тапқандарды еске алу рәсімі болып өтті. Салтанатты жиын түрлі патриоттық әндердің шырқалуымен және би қойылымдарымен жалғасты. Мерекеге байланысты мектеп оқушыларының қатысуымен театрландырылған көріністер болды. Мереке қарсаңында әр ауылдық округтердегі тыл ардагерлері мен қария адамдарға аудан әкімінің алғыс хаты мен бағалы силықтар тапсырылды.

         Барлық ауылдық округтерде тұрмыс жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға «Қайырымдылық көмектер» көрсету шаралары ұйымдастырылды.

         Аудандағы барлық мешіттерде саяси қуғын - сүргін құрбандарына арналып құран қатым түсіріледі. Сонымен қоса, аудан мектептерінде саяси қуғын - сүргін құрбандары ұрпақтарының өскелең ұрпақтарымен кездесулері өткізілді. Аудандық орталық кітапханада қуғын - сүргін құрбандарын еске алуға байланысты «Тарихтағы бұла күн» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Кеш аясында қуғын - сүргін тақырыбына арналған «Ұмытуға болмайтын қасірет»-атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

         Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, барлық ауылдық округтерде концерттік бағдарламалар, балалар арасындағы спорттық жарыстар, өнер байқаулары ұйымдастырылды.

         Спорттың бұқаралығын арттыру мақсатында аудан әкімінің жүлдесі үшін спорт ойындары кең көлемде аталып өткізілді.

         Барлық мерекелерге байланысты аудандық «Тарбағатай» газетіне аудан әкімі атынан мерекелік құттықтаулар және өткізілетін салтанатты жиындарда құттықтау сөздері дайындалып отырылды.

         Ауданда өткізілген түрлі мемлекеттік мерекелер мен айтулы оқиғаларға байланысты өткізілетін шараларда видеороликтер көрсету, баяндамаларды слайдтар арқылы жасау сияқты ақпараттық жаңа формалары кеңінен пайдаланылды.

  1. V. МӘДЕНИ – КӨПШІЛІК ШАРАЛАР БОЙЫНША

«Ақсуат мәдениет үйі» КМҚК-на қарасты мәдениет үйлері мен клубтар Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасын негізге ала отырып, биылғы жылдың айшықты оқиғалары ҚР Мәдениет қайраткері, сазгер Б.Амирхановтың 70 жасқа толуына арналған «Өмірін өнермен өрнектеген» атты шығармашылық кеші, Қазақтың мұзбалақ ақыны М.Мақатаевтың сөзіне жазылған әндерден «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» аудандық жазба ақындар мүшәйрасы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Е.Хасанғалиевтың туғанына 85 жыл толуына орай «Айналдым елім» атты концерт, Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған «Нәр берген ән бұлақтан» атты ән кеші, 8 наурыз - Халықаралық Әйелдер күніне орай, Ақсуат мәдениет үйінде «Анаға - тағзым!» атты мерекелік іс-шара, аудан әкімінің қолдауымен Ақсуат мәдениет үйіне қарасты Екпін ауылдық клубында облыстық «БҰРЫМДЫ АРУ - 2025» сұлулық байқауы, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына орай шаралар, Қазақстанның халық әртісі Қайрат Байбосыновтың туғанына 75 жыл толуына орай аудандық дәстүрлі әншілер байқауы, на бағытталған мәдени шаралар жоспарлы түрде өткізіліп отыр.

Ақсуат мәдениет үйінде 27 наурыз - Халықаралық Театр күніне орай, Ақсуат ауданы әкімінің қолдауымен Ақсуат аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Ақсуат мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ұйымдастыруымен «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген Мәдениет қызметкері», ҚР Мәдениет қайраткері, ақын М.Баймурзин атындағы Республикалық Театр фестивалі ұйымдастырылды.

Францияның Иль-де-Франс әкімшілік аймағына қарасты Валь-д'Уаз департаментінде орналасқан Garges-le-Gonesse муниципалитетінде Ақсуат мәдениет үйі өнерпаздарын Париждегі Қазақстан елшілігі және «Абай” атындағы Қазақ мәдени орталығының жетекшісі Баян Жанбауованың ұсынысымен, Наурыз тойына қатысуға шақырып, Ақсуат мәдениет үйінің әншілері өнерлерін көрсетіп қайтты.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы шеңберінде өткізілген Қазақстан халқы Ассамблеясы шығармашылық ұжымдарының республикалық фестиваліне Ақсуат мәдениет үйі жанындағы «Бабалар сазы» халықтық этно ансамблі «Халық аспаптары» номинациясы бойынша қатысып, Қазақстанның танымал көрнекті мәдениет майталмандары мен қоғам қайраткерлерінен құралған республикалық сарапшылар алқасының шешімімен «Халық аспаптары» номинациясы бойынша топ жарып жүлделі І-орынды иеленіп, 1000000 теңгенің сертификатын жеңіп алды.   

«Рухани қазына-2025» мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық фестивалінің «Үздік аудандық (қалалық) мәдениет үйі-2025» конкурсына Ақсуат мәдениет үйі ұжымы қатысып, мәдениет үйінің атынан Мәдениет үйінің әдіскері Е.Құжиманов таныстырып қайтты.

Облыс орталығында 21 мамыр - Мәдениет және өнер қайраткерлерінің мерекесіне орай, алғаш рет «Руханият-2025» салтанатты шарада Ақсуат халық театры ұжымы «Үздік халықтық шығармашылық ұжым» номинациясымен және 300000 тг қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Ақсуат мәдениет үйінде 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, «Өнер құдіреті - мәңгілік!» атты мерекелік шарада Ақсуат мәдениет үйі әншілері және ауылдық мәдениет және клуб үйлері өнерпаздары мерекелік концерт қойды.

6-8 маусым күндері аралығында Ақсуаттың қадірлі перзенті, «Тас Групп» компаниялар тобының басшысы, ел жанашыры, меценат, Д.Тастекеевтің ұйымдастыруымен «АСЫЛ БЕСІК – АҚСУАТ» республикалық өнер және спорт фестивалі өтті.

Ақсуат мәдениет үйінде А.Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында «Абай елі – өнер кеніші» атты аудандар арасындағы облыстық көркемөнерпаздар байқауының бағдарламасында Ә.Мағзұмов атындағы «Сұлу саз» халықтық фольклорлық ансамблі, «Бабалар сазы» халықтық этно ансамблі, Көкжыраның ардагерлер ансамблі, «Көктем» эстрадалық ансамблі, «Асыл ерке» бишілер тобы, Ақсуат халық театры әртістерінің көрінісі және Ақсуат мәдениет үйі әншілері ән шырқады.

Қазіргі уақытта Ақсуат өңірі бойынша 5 мәдениет үйі және 5 клуб үйі /жиыны 10 мәдениет мекемесі/ бар.

 Халық шығармашылығын дамытуда «Ақсуат мәдениет үйі» КМҚК-на қарасты 3-халық театры, 1-үлгілі балалар театры (Ақсуат, Көкжыра, Қызылкесік халық театрлары, «Тамшы» балалар театры), Б.Саятүлеков атындағы халықтық ұлт-аспаптар оркестрі, «Сұлу саз» халықтық фольклорлық ансамблі, «Бабалар сазы» халықтық этно ансамблі, «Тоғызтарау» халықтық фольклорлық этнографиялық ансамблі, «Томирис» үлгілі би ансамблі, жиыны 9 өнер ұжымы бар.

         «Ақсуат мәдениет үйі» шығармашылық орталығы мәдениет пен өнердің түрлі саласындағы проблемалармен жұмыс істеуде тәжірибесі мол, кәсіби өнер ұжымы саналады. Бүгінде аталған мәдениет үйі аудан өнерін алға сүйрейтін шығармашылық ұжымға айналды. Өңірдегі әртүрлі өнер жанрлары түрімен айналысатын 72 үйірмеге, 1345 адам тартылған. Мұның ішінде көркем ойлай алатын, рухани діңгегі берік орта қалыптастыруда «Темірқазық» ақындар отауы, суретшілер мен ақындар қауымдастығы, «Айналайын» балалар хоры, он ауылдық округте құрамында 120 мүшесі бар әжелер ансамбльдері, жастар мен жасөспірімдердің 14 КТК қызығушылық командасы жұмыс істейді. Аталған шығармашылық топтарға 1552-ге жуық көркемөнерпаздар тартылған.

         Ауылдық округтер бойынша тұрғындар арасында отандық музыкалық өнімдерді насихаттау, түрлі тәрбиелік бағытта жыл басынан 672 мәдени-көпшілік шара өтіп, 116933 көрермен қамтылды. Оның ішінде 45 шара ауыл жастарының қатысуымен өтіп, оған 1200 ауыл жастары қамтылды. Шығармашылық қызметтің түрлі салалары ұлттық, тілдік-ділдік, тарихи-танымдық, әдеби, театралдық өнер, дара орындаушылық өнерді дамытуда ауылдық округ көрермендерімен 75-концерт, 2-спектакль, жасөспірімдерге арналған 3-ертегі, 12-театрландырылған көрініс көрермен назарына ұсынылды. Ауылдық округтегі шығармашылық топтары арасында 6 түрлі өнер байқауы өтті. 

 

  1. АҚСУАТ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ 2025 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША

 

2025 жылы Ақсуат ауданында тұрғындарға ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсететін 11 көпшілік кітапхана жұмыс атқарып отыр. Аудандағы 6 кітапхана бейімделген ғимаратта, 5 кітапхана өзге ғимараттарда орналасқан. Оның ішінде 4 кітапхана мәдениет үйінің ғимаратында, 3 кітапхана әкімдік ғимаратында, 2 кітапхана мектеп ғимаратында, 1 кітапхана өзге ғимарат ішінде, 1 кітапхана /Үштөбе/ өз ғимаратында орналасқан. 11 кітапхананың 10 кітапханасы толық штаттық бірлікте, 2 кітапхана 0,5 шаттық бірлікте жұмыс жасайды / Тана-мырза, Үштөбе /. Жаңадан ашылған , жабылған кітапханалар жоқ.

 Аудан бойынша кітапхананың негізгі көрсеткіштері бойынша

Аудан  кітапханаларында тіркелген оқырмандардың жалпы саны 9470 адамды құрайды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда +5ке  артқан. Оқылым  21,9 құрап отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша кітапханаларға келушілер саны 119114  адамды құрады, 2024 жылмен салыстырғанда оқырмандар +5 бірлікке өсті. Ол оқырмандарға өткізілген көпшілік жұмыстардың нәтижесі. Кітапхананың жеке сайты жоқ боғандықтан, виртуалды пайдаланушылар жоқ.  

Аудан халқы  2025 жылы 19332 адам,  кітаппен қамту 54,2% пайызды  құрайды.

      Есeпті жылы барлығы  251 іс - шара   өткізілді, оның  223 офлайн (қатысушысы-4943),  28 онлайн форматында, (қатысушысы-336). Мәдени демалыс іс- шаралар көрсеткіші  2024 жылмен  салыстырғанда  +   4 ке      өскен, қатысушысы + 20 ға өскен.

Аудан бойынша 9470 оқырман қамтылып, қатысушы 104668, берілген кітап 207918  Оқылым 21,9 құрап отыр. 2024 жылмен салыстырғанда оқырмандар +5 бірлікке өсті.

          Оқырман сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында  оқырман сұранысын  газет-журналдардан, интернет арқылы  қаралып тауып беріліп, анықтамалық – библиографиялық дәптер жүргізіліп  аудан бойынша 1793 анықтамалар орындалды, барлық орындалған анықтамалар мемлекеттік тілде. Тақырыптық 693, факторграфиялық 550, адрестік 409 , нақтылаушылық 141.  Тақырып бойынша өлкетану мазмұнындағы сұраныстар басым. Орындалған анықтамалар оқырмандар сұраныстарына байланысты әр алуан. Мектеп оқушылары мектепте ұйымдастырылған әр түрлі тақырыптағы шараларға  қажетті материалдарды сұрауына байланысты көптеген тақырыптық анықтамалар интернеттен, мерзімді басылымдардан, кітаптардан жинақтау арқылы орындалды.Сонымен қатар өлке тарихына, жалпы тарихи оқиғаларға байланысты оқырмандар сұраныстары көптеп орындалды.

     Өлкетану бағытындағы материалдарды  жинақтап  облыстық кітапханаға  цифрлау жүйесіне өткізіліп  289 дана  құжат цифрланды , соның ішінде: кітап  66 , брошюра  12, газет-журнал  мақалалар 211  цифрланып, дискіге көшірілді. Бұл –қолдағы құны бөлек деген материалдарды келешек ұрпаққа жеткізу жолында жасалып жатқан игі шара. Бұл ең біріншіден қажетті ақпаратты тез табу, қол жеткізу, екіншінден бұл кітапханалық қорды цифрлаудағы ең бірінші қадамы және жаңа ақпараттық технологиялар арқылы  сақтандыру жұмыстарының бастамасы. Бұл кітапты  кез келген оқырманның компьютерден оқуға  болады.

      ИРБИС  электронды  каталогына  2024 жылы - 9736    жазба, 2025 жылы  10009 жазба    еңгізілді, өткен жылмен салыстырғанда  +  273-ке  өсті.  Кітап  7796,  мақалалар 2213.  Корпорация бойынша  жергілікті «Тарбағатай»  газеті бойынша  жіберілген  мақалалар саны  2025  жылы  15.

Каз неб электрондық кітапханасына   өлкетану кітаптарынан   5 кітап енгізілді. Ақсуат өңірінің тарихы мен тұлғаларын танытатын өлкетану кітаптары енді www.kazneb.kz ұлттық электронды кітапхана порталында қолжетімді. Қазақстандықтар үшін 24/7 режимінде жұмыс істейтін KAZNEB платформасы – еліміздің рухани мұрасын цифрлы түрде кеңінен насихаттаудың үлкен мүмкіндігі.  Осы жоба аясында Абай облыстық әмбебап кітапханасы арқылы Ақсуат өңіріне қатысты келесі 5 кітап электронды жүйеге көшіріліп, ұлттық қорға енгізілді  1. М.Баймурзин -"Жырым да, сырым да -Ақсуат".

  1. Б.Құсайынұлы- "Ақсуат өңірінің ұлы адамдары туралы тарихи деректер".

  2. Құрастырған Е.Оралбай -"Тарихқа толы Тарбағатай", Т.4

  3. Ж.Жұманбаев- "Жаңа дауасы"

  4. Ж.Жұманбай- "Ырғызбай баба және қазақ күресі"

Бұл-өңіріміздің бай мұрасын ұрпаққа жеткізудің маңызды қадамы.

Енді еліміздің кез келген тұрғыны осы құнды кітаптармен еркін таныса алады.

VII. ТІЛ САЯСАТЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША

         Ақсуат ауданы  тұрғындарының саны 18400 ді құрайды, соның ішінде қазақ ұлтының саны 18350, өзге ұлт өкілдерінің саны 38 ді құрайды.

Ақсуат ауданы халқының басым көпшілігі қазақ ұлты болғандықтан, мемлекеттік тілді еркін меңгерген Мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін, оқитын және жазатын халықтың үлесі 99/9%, орыс тілінде 70/5%, ағылшын тілінде 25/3%, аудан тұрғындарын оқытатын тіл оқыту курсы орталығы ашылмаған.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылы жоспарлы жұмыс жүргізіліп келеді.

Абай облысының мәдениет тілерді дамыту және архив ісі басқармасы                    2023-2029 жылдары аралығындағы іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарының 22 - тармағы негізінде  Ақсуат ауданында тоқсан сайын  «Көркем тіл – көрікті өңір» айлығы  аясында Ақсуат ауданында, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы,  Жастар ресурстық орталығының SMM маманы , Ақсуат ауылдық округі әкімдігі аппаратының бас маманы, салық маманы, кәсіпкерлік бөлімінің мамандары кәсіпкерлік нысандарына (сауда,  тамақтану орындары т.б.) Тіл туралы заңнама талаптарының сақталуы бойынша акпараттық материалдар таратып, көрнекі ақпарат пен жарнама тілінің, соның ішінде ас мәзіріне баса назар аудара отырып, бақылау касса машиналарының чекті мемлекеттік тілде басып шығаруы бойынша түсіндіру жұмыстары  жүргізіп келеді.

Айлық аясында атқарылған жұмыстар Ақсуат ауданы әкімдігінің Фейсбук парақшасына жарияланып отыр.

Сонымен қатар аудан бойынша мемлекеттік мекемелер, заңды тұлғалар тарапынан хаттар, хаттамалар  және басқа да іс қағаздар мемлекеттік тілде орындалады. Ауданда өткізілетін  іс шаралар мен жиналыстар  мемлекеттік тілде өткізіледі. 

           21 ақпан – Халықаралық ана тілі күні – тілдің мәдени мұра ретіндегі маңыздылығын насихаттайтын ерекше күн.  Бұл күнге орай  Ақсуат аудандық  орталық кітапханасында «Ана тілім- ұлттың жаны мен ары» атты тақырыптық кеш өткізіліп, кітапханашы  Н.Жарылқасынова   қазақ тілінің тарихы, дамуы, әдеби мұралары  жайында баяндады. Кешке қатысқан оқырмандар арасында  әр тілде  поэзия оқу шарасы  ұйымдастырылды.«Ана тілім- асыл қазынам» атты кітап көрмесінің таныстырылымы өтті. Кітапханашы  А.Аубакирова   оқырмандарға  қазақ және әлем тілдеріне арналған энциклопедиялар, сөздіктер, әдеби шығармаларды көрсетіп, оқырмандарды онлайн ресурстармен таныстырды. «Ана тілі-әр халықтың қазынасы» атты бейнеслайд көрсетілді.

         Сәуір айында  бюджеттік сала қызметшілері ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеуден өтті. Аудан орталығы Ақсуат ауылындағы К.Нұрбаев атындағы орта мектебінде аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен бюджеттік сала қызметкерлері үшін ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы диагностикалық тестілеу өткізілді.

         Тестілеу жұмысына Астана қаласындағы Ұлттық тестілеу орталығының маманы Наримбетов Нұрбек арнайы келіп, қатысушыларға нұсқаулық беріп, тестілеу барысын жүргізді. Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау және тілдік құзыреттілігін бағалау болып табылады. КазТЕСТ ке аудан көлемінен 63 адам қатысып, өз білімдерін сынап көрді. Қатысушылар тыңдалым, оқылым, жазылым және сөйлесім сияқты негізгі бөлімдерден өтті. Бұл тестілеу нәтижесінде қатысушылардың тілді меңгеру деңгейі айқындалып, болашақта тілдік білімдерін жетілдіру бағытында нақты қадамдар жасауға мүмкіндік туады.

         Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оң пікірлерге ие болды. Алдағы уақытта да мұндай тілдік сынақтар жүйелі түрде өткізіліп тұрмақ.

Ақсуат  ауданында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, өскелең ұрпаққа тіліміздің баға жетпес байлығын, ата-бабамыздан қалған асыл сөз өнерін, шешендік өнерін насихаттау, жастардың ана тілін құрметтеу және әдеби мұралары мен маржан сөздің мағынасын танып білумен танымын кеңейту мақсатында     5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Ақсуат ауданында бірқатар мазмұнды іс-шаралар өтті.  Ақсуат орталық кітапханасында  «Абай, Мұхтар сөйлеген – дана тілім» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда ана тіліміздің ұлылығы мен рухани байлығы туралы ойлар айтылды. Шара барысында аудандық орталық кітапхана «Тіл-ұлттың жаны, асыл қазынасы» атты көшпелі кітап көрмесін ұсынып, оқырмандарға тіл тақырыбындағы әдебиеттерді таныстырды. Сонымен бірге аудандық орталық кітапханада «Тіл-халықтың байлығы» атты әдеби-танымдық кеш,  «Ана тілім- арым бұл» атты поэзия кеші,  «Тіл-ұлттың жаны, асыл қазынасы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту  және архив ісі басқармасы Ақтамберді жыраудың 350 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойларына орай Үржар ауданының әкімдігімен және Абай атындағы РММИ "Ділмар" шешендік үйірмесімен бірлесе ұйымдастыруымен өткен "Сөз дода" шешендік өнер байқауына Ақсуат ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапынан ұсынған  үміткер К.Нұрбаев орта мектебінің оқушысы Айдынқызы Ұлпан қатысып жүлделі І орынды иеленді.

Сонымен қатар 2025 жылғы 5 қыркүйекте ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келген Қазақстан халқының тілдері күні мерекесінің аясында «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен «Ұлттық диктант» жобасына аудан бойынша 16 мекеме қатысып 163 адам қамтылды.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының  25-бабына сәйкес  тілдерді дамыту саласындағы Ақсуат аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі арқылы ауданда Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асырып келеді.

VIII. ТАРИХИ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР БОЙЫНША

«Ақсуат аудандық ішкі саясат, мәдениет, және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесіне сәйкес бөлімнің негізгі міндеттерінің бірі аудан аумағында тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау, есепке алу, оларды Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосу туралы жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 35-бабының (ауылдық округ әкімінің құзіреті) 1-тармағының 11) – тармақшасында «тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады» деп көрсетілген.

Бүгінгі күні аудан бойынша Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне, Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 наурыздағы № 58 қаулысы негізінде Ақсуат ауданы бойынша 95 ескерткіш мемлекеттік қорғауға алынған.

Тәуелсіздік жылдары аралығында 10 монументтік өнер құрылыстары орнатылған.

  1. ЖАСТАР САЯСАТЫ

Бүгінгі күні- 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны – 4330 адам құрады олармен жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

Ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту бағытында жұмыстар атқарылып келеді.

Құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке тәрбиелеу мақсатында колледж студенттері мен тұрғындардан сауалнамалар алынып,тиісті жұмыстар жүргізілді. Ақсуат ауданының Жастар ресурстық орталығында жыл басында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Стоп қылмыс» акциясы өтті. Акцияға ауылдың жастары, орталықтың мамандары қатысты, оған 20 жас қамтылды.

Дата публикации
29 апреля 2025