Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі №754 Қаулысының Ақсуат ауданында орындалу барысы 

    Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі №754 Қаулысының Ақсуат ауданында орындалу барысы 

Хабарлама

 

            Ақсуат ауданында 2024 жылы «Агробизнес» бағдарламасы арқылы 7 жобаға 195,1 млн. теңгенің несиесі алынды.

        Ауданда ауыл шаруашылығы техникалар паркін жаңалау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері лизинг арқылы 2024 жылы аудан бойынша  43 бірлік  жаңа тракторлар, 36 бірлік қосалқы құрылғыларын сатып алды.

      2025 жылы аудан бойынша жаңадан 60 бірлік  ауыл шаруашылық техникаларын және 60 бірлік қосалқы құрылғыларын сатып алу жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы техникалары паркін жаңалау жұмыстары жыл сайын жаңарып, жаңадан сатып алынатын техникалар саны артып келеді.

      Ауданда инженерлік-инфраструктураны дамыту бойынша электр желісін тартуға жергілікті бюджеттен «Бақытжан» шаруа қожалығы «Рұқсат етілген қуаты 20 кВт электр қондырғыларын қосу үшін»  жобалық сметалық құны 14280,46 мың теңге,   сараптама қорытындысы алынып, мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы жеңімпаз анықталды.

     Абай облысы Ақсуат ауданы Сәтпаев ауылдық округіне қарасты «Алтын-  

   Алтай» шаруа қожалығына «Электр желісін тарту құрылысы» бюджеттік    

   инвестициялық жобасы.

      «Алтын-Алтай» шаруа қожалығы, Сәтпаев ауылдық округі, Сәтпаев ауылында орналасқан. Шаруа қожалығы негізінен өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығымен айналысып келеді.

         Ауданымызда алғаш рет суармалы егістік жерді игеруде ылғал сақтау технологиясы арқылы  тамшылатып суару әдісін енгізді.

       Тамшылатып суару жүйесіне қажетті барлық құрылғыларды Қытайдан өз қаражатына сатып әкеліп орнатты.

         2024 жылы шаруа қожалығы 200 гектар суармалы егістік алқапта тамшылатып суару әдісімен күнбағыс дақылын егіп, жоғары өнім алды.

Электр желісін тарту өте қажет. Жобаға сәйкес шаруа қожалығының жерінде қуаты 200 кВт жоғары күшті комплектілі трансформаторлық қосалқы станциясы (подстанция) орнатылатын болады. Трансформаторлық подстанцияны іске қосу  әуе желісімен  сым темірі (провод) 18 шақырымға дейінгі аралықта тоқ тартылатын болады.

        Алдағы уақытта «Электр желісін тарту құрылысы» бюджеттік инвестициялық жобасы іске асырылатын болса, тамшылатып суару құрылғысына қажетті барлық материалдарды шығаратын арнайы зауыт салынатын болады. Қосымша жұмыс орындары ашылады.

«Алтын-Алтай» шаруа қожалығы иелігіндегі 1000 гектар суармалы егістік алқапқа тамшылатып суару жүйесін енгізетін болады. Дәнді дақылдар мен майлы дақылдардың егістік алқаптары ұлғайтылады. Ауданымыздағы басқа шаруа қожалықтары да зауыттан шыққан тамшылатып суару жүйесінің құрылғыларын сатып алып, 5-6 мың гектар егістік алқаптарына тамшылатып суару әдісімен жүгері, картоп, көкөніс, бақшалық дақылдарын егуді жоспарлап отыр.

         Бүгінгі күні Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасында 401 млн. 755 мың теңгені құрайтын бюджеттік инвестициялық жобасының  жобалық -сметалық құжаттары РКС-қа комиссияға ұсынылуға дайын.

Дата публикации
17 апреля 2025