2025 жылдың наурыз Ақсуат ауданының жергілікті атқарушы органдары арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы
АҚПАРАТ
2025 жылдың наурыз Ақсуат ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өкілдеріне 402 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде – 22 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, 9 қызмет, мемлекеттік орган арқылы, қалған 371– услуг мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетілген.
Наурыз айында 16 мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту тіркелген. Олар:
Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру -1;
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау – 6;
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу – 9;
Аудан әкімінің ресми веб сайтында мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын түсіндіру бойынша 9 мақала жарияланды және аудандық "Тарбағатай" газетінде 1 мақала жарияланды.
Есепті мерзім ішінде мерзімі бұзылып орындалған мемлекеттік қызметтер жоқ. Аудан әкімі аппаратының тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді уақытылы орындау үшін «Мониторинг» ақпараттық жүйесі арқылы күнделікті талдау жүргізіліп отырады.